Әкімнің денсаулық сақтау саласы нысандарын аралап қарау қорытындысы бойынша баспасөз хабарламасы

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің денсаулық сақтау саласы нысандарын аралауы  шеңберінде ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында келесі нысандар қаралды:

-Халықтар достығы ,1 көшесіндегі  бір ауысымда 212 адам қабылдауға арналған емхана ғимараты, қазіргі уақытта ол жерде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

-Абай даңғылындағы № 1 Өскемен қалалық ауруханасы;

-Серикбаева1 көшесіндегі облыстық онкологиялық диспансер.

  1. 27 желтоқсанда ШҚО әкімі Даниал Ахметов ЖМК мен Куленов кенті тұрғындарының көптен күткен нысаны емханаға келді, ол жерде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

ЖМК ауданының тұрғындары 50 мыңға жуық  адамды құрайды.қазіргі уақытта аталған ауданда тек солжағалау емханасы ғана жұмыс істейді, ол тұрғындар ағымын толық қабылдай алмайды, соның салдарынан 2013 жылы Халықтар достығы ,1 көшесіндегі  бір ауысымда 212 адам қабылдауға арналған емхана ғимаратын қалпына келтіру жобасы жоспарланған болатын.

2017ж. 28 желтоқсанда « Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқармасы» ММ мен «Строй Элит Риэлти» ЖШС арасында ғимаратты емхана қалпына келтіруге келісім жасалды.

2017 жылы қарастырылған қаражат толық көлемде бөлінген. 2017ж 7 желоқсанында  126700,3 мың теңге меңгерілді.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасымен өзгерген нормалар мен ұлттық валютаның девальвациясын ескере отырып, 2013 жылы  негізі қаланған  медициналық жабдықтардың тізімі қайта қаралды

Облыс әкімі атап өткендей бұдан 2 жыл бұрын ғимарат іші алаң-ашық еді, ал қазір емхана бітуге айналып қалған.

Даниал Кенжетаевич сондай-ақ жөндеу жұмыстарын 2018 жылдың 8 наурызына қарай бітіруді тапсырды, ол қала тұрғындарына жақсы сый болар еді.

  1. Өскемен №1 қалалық ауруханасы бойынша

Облыс әкімінің келесі барған нысаны -№1 қалалық ауруханасы, онда «2016-2019ж арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасы аясында және 2017-2019жж арналған облыс денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттырудың 3 жылдық кешенді жоспары аясында Шығыс Қазақстан облысында медициналық ұйымдарды жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықтау бағдарламасы жүзеге асырылуда.

№1 қалалық ауруханасы базасында Қазақстандағы ең бірінші  хирургия мен трансплантологияның роботталған қайталанбас ерекше ортлығы орналасады.

Жабдықтар әкелініп те қ йылды, олар инсталляция жұмыстары аяқталған соң  іске қосылатын болады инсталляция ағымдағы жылдың аяғына қарай аяқталады. Таза бөлмелер кешені заманауи европалық стандарттарға сай.

Роботтехникаларынан басқа №1 ауруханаға 1381 млрд теңгенің медициналық жабдықтары жеткізілді, оның ііішнде жылжымалы рентген жабдықтары, рентгенологиялық С-доғасы, көп функционалды төсектер, ота залындағы газды жабдықтар  іске қосылды.

Мамандар дағдысының доғары деңгейін қолдап отыру үшін мамандарды роботты жүйеге оқыту жабдықтарды жеткізу кешеніне енетін ынталандыру орталығы жағдайында тұрақты түрде жүргізілетін болады.  Бұл мамандарға алдағы операцияларды науқастарға еш қатерсіз  ынталандыру режимінде моделдеуге мүмкіндік береді

Хирургиялық және урологиялық салалардың  дәрігерлерін және мед бикелерді   Италияның Милан қаласындағы мамандандырылған оқу орталықтарында оқыту басталып та кетті, сондай-ақ эндохирург-дәрігерлерді еуропадан шақыртылған бас мамандармен оқыту жүргізілетін болады.

Аталған орталықтың ашылуы  клиникалық практиканы, ғылымды және білімді интеграциялау арқылы тұрғындарғажоғары сапалы медициналық көмек көрсету орталығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. және отандық медициналық ғылым мен білімді дамытуға ынталандырады.

Аталған бірегей орталықта қазақстандықтар ғана емес жақын елдердің тұрғындары да емеделе алады.

Даниал Кенжетаевич атап өткендей,  үнемі қуып жету теориясы прогрестің теориясы емес,  алға басып озу теориясын ұстану қажет,ал  ШҚО ДСБ барлық аймақтарды басып озды.

  1. Денсаулық сақтау салалары нысандарын аралау аясында облыс әкімі облыстық онкологиялық диспансерге соқты, ол жерге оның тапсырмасы бойынша 868 млн теңг сомасына жабдықтар алынды.

Сатып алынған жабдықтардың біреуі- 128 кескінге арналған компьютерлік томограф, оның     инсталляциясы ағымдағы жылдың аяғында аяқталады.

Осы жылы онкологиялық диспансерде операция залы жақсы жабдықталды.

Жеткізілген медициналық жабдықтардың 17 атауынан  эндовидеохирургиялық кешен, операциялық үстелдер, заманауи операциялық лампалар, сараптамалық узи, портативті узи аппараттары, наркозды демалу аппараттары, диагностикалық эндоскопиялық жабдық іске қосылды.

Облыс әкімі атап айтқандай 2 жылдан кейін Шығыс Қазақстан облысында мүлдем өзгешемедицина болады және барлығы әлемдік институттармен бірлесіп істейтін онкологиялық орталық туралы білетін болады. Аралап болған соң Даниал КенжетаевичАнгияда оқып келген дәрігерлермен және медбикелермен кездесті, олар кардиология, онкология, босандыру сияқты 3 негізгі бағыттар бойынша 3 деңгейлі бағдарлама аясында оқып, халықаралық үлгідегі сертификат алып елді.

Дәрігерлер алған білімдері  және Лондонның алдыңғы қатарлы клиникаларында алған тәжірибелері туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшыларына  денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттары бойынша  бірқатар тапсырмалар берді

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған