Жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы қызығушылықты білдіретін сұрау

Шығыс-Қазақстан облысы «Денсаулық сақтау басқарамасы» ММ Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының ШҚО, Ұлан ауданы, Таврия ауылы, Мира көшесі 1 мекен-жайы бойынша «Ұлан орталық аудандық ауруханасы» КҚМК мемлекеттік мүлік ғимаратының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының дайындығы басталғаны туралы хабарлайды және жоба тұжырымдамасын талқылау үшін әлеуетті жеке әріптестерді шақырады.

 

МЖӘ объектісі: ШҚО ДСБ 65 орындық «Ұлан орталық аудандық ауруханасы» КҚМК ғимаратының бір бөлігі

Мемлекеттік мұлікті ШҚО ДСБ «Ұлан орталық аудандық ауруханасы» КҚМК ғимаратының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға келесі құрамында беру қарастырылады:

Ғимараттың бір бөлігі (іргелес) – 2 қабатты, жалпы алаңы 954,72 кв.м

Қызмет түрі:  келесі маман саласындағы ересек халыққа стационарлық көмек

  • Жалпы терапия
  • Паллиативтік көмек
  • Алғашқы мейірбике көмек

Келісімшарттық МЖӘ түрі: мемлекеттік мүлікті сенімгерлк басқару

Жоба мерзімі: 3 жылдан 30 жылға дейін

Шығындарды өтеу және кірістер алу көздері:

  • Тауарларды сату,объектіні пайдалану барысындағы жұмыстар мен қызметтер;
  • Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін орналастыру

Жоба ұсыныстары 2017 жылдың 22 маусымына дейін қабылданады.

Қосымша ақпаратты Шығыс –Қазақстан облысы «Денсаулық сақтау басқарамасы» ММ , Өскемен қаласы, Гоголь көшесі,36 602 бөлмесі, 8/7232/523225, Ерболатова Алима Ерболатқызынан алуға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған