Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан  Республикасы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасы, 070018, Өскемен қаласы, Гоголь көшесі 36, анықтама телефоны 8 (7232) 52-32-33 е-mаіl: densaulyk@akimvo.gov.kz  «Б» корпусына  бос мемлекеттік  әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік  қызметшілері арасындағы ішкі   конкурс жариялайды:

Барлық  конкурсқа  қатысушыларға  арналған  ортақ  біліктілік  талаптар           Д-О-2 санаты үшін

Санаты Еңбек  сiңiрген  жылдарына  байланысты
  min max
Д-О-2 163233 220698

 

  1. Басқарма басшысының  ана мен бала денсаулығын  қорғау  жөніндегі орынбасары  Д-О-2 санаты бойынша (1 бірлік).

          Функционалдық міндеттері: Денсаулық сақтау жүйесінің перзентхана қызметі және балаларды емдеу мекемелеріне, аумақтық денсаулық сақтау органдарының өзара әрекеттестікте болу мәселелеріне жалпы басшылық ету, Білім басқармасымен әрекеттестікте болу. Тұрғындар денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Аналар мен балаларға сапалы медициналық көмек көрсетілуіне бақылау жасау. Ана мен баланың денсаулық жағдайы бойынша көрсеткіштерді талдау. Ана мен бала денсаулығын сақтаудың  басымдық  бағыттары бойынша мақсатты кешенді бағдарламалар әзірлеу, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау жасау. Дәрі-дәрмектерге қажеттілікті анықтауға және оларды оңтайлы пайдалануға бақылау жасау. Облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарына ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Алқаларға ана мен балаға медициналық қызмет көрсету жөніндегі материалдарды дайындау, конкурстық комиссияның отырысына қатысу, әйелдер мен балаларға емдеу-алдын алу көмегін көрсететін жеке меншік емдеу мекемелерінің қызметіне бақылау жасау. Шағымдарды, өтініштерді талдауға, бақылау құжаттарының орындалуына бақылау жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары   білім (денсаулық  сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы мамандықтар бойынша (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, дәрігерлік емдеу ісі).  Мынадай біліктілік қасиеттерінің болуы: бастамашылдық, адамдармен тіл табысу,стратегиялық ойлау, көшбасшылық, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

 

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы.

 

2.                     Емдеу-алдын алу  жұмыстары  және  лицензиялау  бөлімінің басшысы Д-О-3 санаты бойынша (1 бірлік).

Санаты Еңбек  сiңiрген  жылдарына  байланысты
  min max
Д-О-3 109932 149242

            Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған  «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру. Облыс тұрғындарына емдеу-алдын алу көмегін көрсетуді ұйымдастыру. Азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау. Облыстың денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарын тұрғындарға емдеу-алдын алу көмегін көрсету мәселелері бойынша үйлестіру; тұрғындарға емдеу-алдын алу көмегін көрсету мәселелері бойынша жұмыс кеңестерін дайындау және өткізу. Облыстың денсаулық сақтау ісінің даму келешегін жоспарлауға және бағдарламаларын әзірлеуге қатысу және оларды іске асыру. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыстық әкімдіктің қаулыларын, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарын, алқа қаулыларын, хаттарын орындау жөніндегі ақпараттарды дайындауға және уақытында тапсыруға қатысу, бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің және облыстық әкімдіктің алқаларына, кеңестеріне, отырыстарына материалдар дайындау. Емдеу-алдын алу көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпараттық хаттарды (материалдарды) әзірлеуді ұйымдастыру және қатысу. Бөлімге келіп түскен шешімдердің, өкімдердің, құжаттардың, хаттардың, өтініштердің мерзімі бойынша  уақытында орындалуына бақылау жасау. Басқа ведомстволардың сұранымдары бойынша ақпарат дайындауды және уақытында тапсыруды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы мамандықтар бойынша  (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, дәрігерлік емдеу ісі) жоғары білім. Мынадай біліктілік қасиеттерінің болуы: бастамашылдық, адамдармен тіл табысу, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не болмаса e-mail: M.Bolyspaeva@akimvko.gov.kz электрондық мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тезтікпеге салынған келесі құжаттарды «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ұсынады.

1) нысан бойынша өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады..

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Шығыс Қазақстан облысыныңденсаулық сақтау басқармасы» ММ әңгімелесуге жіберу туралы кандидаттар хабарландырылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыруды уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жариялаған күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Гоголь көшесі,36, 2- қабат, 205-кабинетіне ұсыну қажет.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Азаматтар конкурсқа  қатысу  шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Анықтама телефоны: 8-/7232/52-32-33, e-mail: densaulyk@akimvo.gov.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған