Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық  конкурсқа  қатысушыларға  арналған  ортақ  біліктілік  талаптар    Д-О-3 санаты үшін

Санаты Еңбек  сiңiрген  жылдарына  байланысты
  min max
Д-О-3 109932 149242

 

Қазақстан  Республикасы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасы, 070018, Өскемен қаласы, Гоголь көшесі 36, анықтама телефоны 8 (7232) 52-32-33 е-mаіl: densaulyk@akimvo.gov.kz  «Б» корпусына бос мемлекеттік  әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі  конкурс жариялайды:

  1. Емдеу-алдын алу  жұмыстары  және  лицензиялау  бөлімінің басшысы Д-О-3 санаты бойынша (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған  «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру. Облыс тұрғындарына емдеу-алдын алу көмегін көрсетуді ұйымдастыру. Азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау. Облыстың денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарын тұрғындарға емдеу-алдын алу көмегін көрсету мәселелері бойынша үйлестіру; тұрғындарға емдеу-алдын алу көмегін көрсету мәселелері бойынша жұмыс кеңестерін дайындау және өткізу. Облыстың денсаулық сақтау ісінің даму келешегін жоспарлауға және бағдарламаларын әзірлеуге қатысу және оларды іске асыру. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыстық әкімдіктің қаулыларын, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарын, алқа қаулыларын, хаттарын орындау жөніндегі ақпараттарды дайындауға және уақытында тапсыруға қатысу, бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің және облыстық әкімдіктің алқаларына, кеңестеріне, отырыстарына материалдар дайындау. Емдеу-алдын алу көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпараттық хаттарды (материалдарды) әзірлеуді ұйымдастыру және қатысу. Бөлімге келіп түскен шешімдердің, өкімдердің, құжаттардың, хаттардың, өтініштердің мерзімі бойынша  уақытында орындалуына бақылау жасау. Басқа ведомстволардың сұранымдары бойынша ақпарат дайындауды және уақытында тапсыруды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы мамандықтар бойынша  (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, дәрігерлік емдеу ісі) жоғары білім. Мынадай біліктілік қасиеттерінің болуы: бастамашылдық, адамдармен тіл табысу, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  жалпы  талаптар:

1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптар;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер: қоғамдық-саяси саладағы қарым-қатынастарды  реттейтін Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде  ШҚО, Өскемен қаласы, Гоголь көшесі 36                 мекен-жайындағы, № 205 кабинетке ұсынылуы қажет.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ – қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы немесе densaulyk@akimvo.gov.kz электрондық пошта мекен-жайына электронды түрде, немесе «Е-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсыруы қажет: өтініші, тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа  қатысу үшін құжаттары электронды түрде электрондық почта немесе                    «Е-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен  кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясы тұлғаны әңгімелесуден өтуге жібермейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-де өтеді. Әңгімелесу барысында қатысушы конкурстық комиссиямен бекітілген тақырыпта эссе қорғауға болады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.  Конкурстық комиссия отырысына байқаушылар ретінде ретінде мәслихат депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне қатысты шағым түсіре алады.

Анықтама телефоны: 8-/7232/52-32-33, e-mail: densaulyk@akimvo.gov.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған