Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік ұйымдар арасында өткізілетін ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық  конкурсқа  қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптар        Д-О-2 санаты үшін

Санаты Еңбек  сiңiрген  жылдарына  байланысты
  min max
Д-О-2 163233 220698

 

Қазақстан  Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасы, 070018, Өскемен қаласы, Гоголь көшесі 36, анықтама телефоны/факс  8 (7232) 52-32-33, е-mаіl: densaulyk@akimvo.gov.kz  «Б» корпусына бос мемлекеттік  әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі  конкурс жариялайды:

  1. Басқарма  басшысының емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі  орынбасары Д-О-2 санаты бойынша (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Облыс тұрғындарына емдеу-алдын алу, стационарлық көмек көрсетуді дамыту және ұйымдастыру, медициналық-санитарлық көмек көрсету, облыс тұрғындарына бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету, АМСК желісін нормативтік нормаларға жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, облыстың АМСК желісін реформалау жөніндегі жұмысқа бақылау жасау.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын  дамытудың  2016-2020 жылдарға арналған  «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру. Тұрғындар денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Облыс тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетілуіне бақылау жасау. Тұрғындардың денсаулық жағдайын талдау. Облыс тұрғындарының денсаулығын сақтаудың басымдық бағыттары бойынша мақсатты кешенді бағдарламалар әзірлеу. Дәрі-дәрмектерге қажеттілікті анықтауға және оларды оңтайлы пайдалануға бақылау жасау. Облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарына ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарының медициналық қызметін лицензиялауға бақылау жасау. Бюджеттің барлық деңгейлерінде  медициналық, технологиялық жабдықтар тізбесін жасау және келісу.

Жетекшілік ететін бөлімдер жұмысына бақылау жасау: емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі бөлім, лицензиялау бөлімі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімі, Өскемен қаласы бойынша бөлім.

Аумақтық  денсаулық  сақтау  органдарымен  өзара әрекеттестік, емдеу мекемелерін лицензиялау, аккредиттеу мәселелері; емдеу-алдын алу мекемелерінің қызметін үйлестіру бойынша басшылық ету, дәрі-дәрмектік саясатты басқару мәселелері, медициналық статистика, шаруашылық есептегі емдеу-алдын алу ұйымдарының және жеке практикамен шұғылданатын тұлғалардың қызметіне бақылау жасау; облыстың денсаулық сақтау басқармасының алқаларын дайындау, денсаулық сақтау жүйесінің жұмылдыру дайындығы; арнайы медициналық жабдықтау базасының жұмысына, құпиялылық режіміне бақылау жасау. Алқаларға емдеу-алдын алу қызметі жөніндегі материалдарды дайындау. Емдеу-алдын алу қызметі бойынша көрсеткіштерді талдау. Дәрігерлерді және орта медициналық қызметкерлерді аттестаттау. Шағымдарды, өтініштерді талдауға, бақылау құжаттарының орындалуына бақылау жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық  сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы мамандықтар бойынша (медицина, қоғамдық  денсаулық  сақтау, дәрігерлік емдеу ісі)  жоғары білім. Мынадай біліктілік қасиеттерінің болуы: бастамашылдық, адамдармен тіл табысу, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3,               Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;

Конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  жалпы  талаптар:

1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптар;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер: қоғамдық-саяси саладағы қарым-қатынастарды  реттейтін Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде  ШҚО, Өскемен қаласы, Гоголь көшесі 36                 мекен-жайындағы, № 205 кабинетке ұсынылуы қажет.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ – қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы немесе densaulyk@akimvo.gov.kz электрондық пошта мекен-жайына электронды түрде, немесе «Е-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсыруы қажет: өтініші, тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттары электронды түрде электрондық почта немесе «Е-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кем емес уақыт бұрын кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясы тұлғаны әңгімелесуден өтуге жібермейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-де өтеді. Әңгімелесу барысында қатысушы конкурстық комиссиямен бекітілген тақырыпта эссе қорғауға болады.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссия отырысына байқаушылардың қатысуына жол беріледі.  Конкурстық комиссия отырысына байқаушылар ретінде ретінде мәслихат депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне қатысты шағым түсіре алады.

Анықтама телефоны: 8-/7232/52-32-33, e-mail: densaulyk@akimvo.gov.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған