Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру

IMG_1660 - копия6 караша 2019 жылы Шығыс Қазақстан Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары ШҚО Білім Басқармасының Глубокое Техникалық колледжінде денсаулық күнін өткізді. Іс-шара барасында мұғалімдерге «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында мастер-класс откізілді.

Мастер-класс барысында мамандар симуляциондық муляждар «Темекі шегетін адамның ауыз қуысы», «Интерактивтік көзілдірік», «Шылым шегетін Сью қуыршағы», «Дұрыс тамақтану пирамидасы», «Сүт безінің пальпация тренажері» қолданылды. Ал студенттерге темекі шегудің алдын алу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы атты іс-шаралар ұсынылды. Шығыс Қазақстан Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары жастар қауымын темекі шекпеуге, жеке бас тазалығын ұстауға және де өз денсаулықтарына мұқият болуға шақырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған