Сколиоз (омыртқаның қисаюы). Себептері, профилактика

skoliozТуа біткен сколиоз– медицина тәжірибесінде өте сирек. Жүре пайда болған балалардың аурушаңдық жағдайы дабыл туғызады. Ауруды ушықтырудың себептеріне аз қозғалу салты мен әртүрлі жарақаттарды жатқызуға болады.

Бізге жиі балаларды жасөспірім шағында әкеледі. Осыған дейін ешбір ауытқулары байқалмаған, бірақ тексеру кезінде баладан 2-ші дәрежелі сколиозды анықтаймыз. Ауру осы жаста жиі диагностикаланады, ал ол өзінің бастауын емшек жасынан алады.

Сәбиінің алғашқы қадамына қуанған ата-ана, әрбір баланың ағзасы ерекше екенін ескермейді, сондықтан оның даму қарқынын жалпы стандарт бойынша қуалайды. Сколиоздың себептері – ата-аналар сәбиін уақытынан бұрын отырғызады, жүргізуге асығады. Бала ағзасы бұған физикалық тұрғыда дайын болуы қажет. Егер сәбиде ұзақ уақыт түрегеп тұру үшін бұлшықет корсеті жетілмесе, ал бұлшықеті әзірше салмағын (бас сияқты дененің ең ірі бөлігі) көтеруге қабілетсіз, жиі құлай беру қаупі зор, мұның соңы жарақатқа әкелуі әдбен мүмкін. Жоғарыда аталған барлық факторлар балада сколиозды ушықтыруы мүмкін.

Тағы бір маңызды нәрсе – бала еңбектеу кезеңінен міндетті түрде өтуі тиіс. Көптеген қазіргі балалар оны «атап өтіп» бірден аяғына тұрады. Баланы еңбектетуге ынталандырыңыз. Сонда ол жылдам басын ұстай алады, қол және аяқ бұлшықеттері нығая түседі. Тәуекел факторына баланың ұзақ уақыт бір қалыпта – отыру немесе ата-аналардың қолында болу жатады.

Кең таралған өмірдегі жағдайлар. Анасы баланы балабақшаға апарады. Ол жұмысқа асығады, сондықтан сылбыр баласының қолынан күшпен сүйрелеп, кейде тіпті жұлқып тартады. Егер де осы сценарий жиі қайталанса, әлі жетілмеген омыртқа ақауға ұшырайды. Мен ата-аналарға осындай жағдайда шылбыр сияқты арнайы затты пайдалануды ұсынар едім.

Белсенді жыныстық даму процесі жүріп жатқан, жасөспірім шағында, омыртқаның ақауға ұшырауына жол бермеу керек. Бұл кезде балалар көп оқшауланады – куәлардан, атап айтқанда ата-аналарынан қашып, өз бетімен киініп, жуынады. Тым құрығанда айына бір рет баланы (ұл баланы әкесі, қызды – анасы қарауы мүмкін) тексеруден өткізуі тиіс, оның барысында ата-аналар омыртқаның жағдайын сыртқы белгілері – иықтың биіктігі, бастың тұрысы, қолдардың орналасуы бойынша бағалауы тиіс. Егер бірдеңе күдік тудырса, маманға жүгінуі тиіс. Көрініп тұрған симптоматика бойынша бұзылыстар анықталады, өйткені сколиоз балаларда ауырсыну туғызбайды.

Теледидар немесе компьютер алдында ұзақ уақыт отыру омыртқаның жағдайына кері әсер етеді. Балалардың бұл сүйікті айналысуларын бақылауға алу тиіс.

Сколиоз профилактикасының ең тиімді түрлерінің бірі, әрине спорт және қисынды дене жүктемелері. Мұнда да фанатизм мен құрбандықсыз болуы тиіс, ата-аналардың қолы бос бола бермейді. Бұдан шығудың бір жолы – үйге жақын жерден қызықты спорт секциясын табу да жеткілікті. Спорттық секцияны таңдау кезінде ата-аналарға спорт түрінің беделдісіне емес, баланың физикалық дамуын басшылыққа аған жөн. Жаттығуды бастар алдында мануальды терапевтің және басқа дәрігерлердің тексеруі міндетті, әрі баладан тіпті 1-2 жылдан кейін де жоғары нәтижелер күту шарт емес. Сонда жаттығу кезінде де, сондай-ақ оны тоқтатқаннан соң да, денсаулығына қауіп болмайды.

Ең оңайы балаға таңертең жаттығу жасауды жақсы әдетке айналдыру. Көптеген кешендер, ойын түрлері т.б бар. Ата-аналарда баланың омыртқасын және денсаулығын нығайту үшін ықыласы болғанда, оны табу және меңгеру қиындық туғызбайды.

Емдеу

Егер де барлық алдын алулар тиімді болмағанда, балада бәрібір сколиоз анықталса, бірінші кезекте невропатолог, ортопед және мануальды терапевт сияқты мамандардың кеңесі қажет болады. Егер аурудың көрініп тұрған белгілері байқалса, онда әңгіме 2-3-ші дәрежелі сколиоз жайлы. Әрине, қандай да бір шара қолдану керек. Сколиозды емдеу – мануальды терапия мәселелерінің бірі. Бұл кезде қолданылатын негізгі әдістер – өте ұқыпты, абайлап және мөлшермен, мануальды техниканың көмегімен омыртқаны түзету, жаттығулар жүргізу.

Ата-аналарға айтатынымыз, ауруды емдегенге қарағанда, оның алдын алған жеңілірек. Балаларды белсенді өмір салтына, қимылдауға, спортқа баулыңыздар. Үйде аз да болса спорттық жабдықтардың болуы пайдалы: қабырғалық, қанат т.б. Тіпті тар тұрғынүй жағдайында да бұл үшін жабдықтар табуға болады. Тіпті болмаған жағдайда, балалардың денсаулығы үшін өзінің жайлылығын – жұмсақ жиһаздарды немесе үйдегі одан да құнды заттарды алып тастап, құрбандық етуге болады. Жоғарыдан құлап түсу мүмкіндігін жеңілдету үшін, еденге жұмсақ маты төсеу. Мұндай «құрбандықтар» баланың жаттыққан бұлшықеті және мықты денсаулығымен жүз есе ақталады. Сколиоз дамуына тәуекел барынша азаяды, балалардағы омыртқа мәселесі туралы Сіз ұмытатын боласыз. Ұзақ серуендеу де өте пайдалы. Бұл үшін демалыс күндерін пайдаланыңыз, балалармен бірге тауға шығыңыз. Сколиоздың алдын алу – бұл қимылдау, үнемі қозғалыста болу екенін естен шығармаңыз.

«Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК хирург дәрігері Щербакова Светлана Владимировна

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған