Аутизімнің ерте жаста анықталу белгілері

shutterstock_627148505Қазіргі таңда дүние жүзінде алдынғы орынға шыққан тақырыптардың бірі ол аутизм ауыруының кең таралуы. Соңғы жылдары ғана бұл сырқатқа көп назар аударыла бастады. Себебі аутизмге шалдыққан балалар саны өсіп барады. Бүгінгі күні Қазақстанда аутизммен ауыратын балалардың  нақты саны белгісіз. Жалпы әлемде әрбір елуінші бала осы дертке шалдығады.

Аутизм дегеніміз – адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен – өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл – күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э.Блейлер адамның ішкі эмоциялық қажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген.

Нәрестелер мен кішкентай жастағы балалардағы аутизімнің ерте белгілері: көзбен қарап байланыс жасауы жоқ ( мысалы, бала еміп, тамақтану кезінде анасына қарамайды), жауап ретінде күлімдемейді, оның атын атап шақырғанда немесе таныс дауыс шыққанда қарамайды, мән бермейді, қозғалып бара жатқан объектілердің соңынан қарамайды, қолмен ымдауды пайдаланбайды, оған бірдеңе көрсеткен кезде сіздің қозғалыстарыңызға қарамайды, сіздің назарыңызды аударту үшін түрлі әрекеттер жасап, шуламайды, өзі бірінші болып құшақтамайды және құшақтағанға мән бермейді, сенің қозғалыстарыңды және бет әлпетіңді, қимылыңды салмайды, ойнамайды, көмектесуіңізді сұрамайды және ештеңе талап етпейді.

Аутизімнің айлар бойынша белгілері:

  • 6 айда: күлімдемейді және қуанғанын білдірмейді;
  • 7-8 айда: «бөтеннен қорқу» – тіпті олар бөтенмен араласқанды көбірек ұнататын сияқты, жақындарына қарағанда бөтенмен қуана – қуана ойнап, белсендірек болатын сияқты;
  • 9 айда: дыбыс шығармайды, күлімдемейді және бет әлпетін өзгертпейді;
  • 12 айда: оның атын айтқанда қарамайды, былдырламайды, қолымен ымдамайды ( бірнәрсені саусағымен көрсетпейді, қолын бұлғамайды және т.б);
  • 16 айда: сөздер айтпайды;
  • 24 айда: еліктеу немесе қайталаумен байланысты сөз тізбектерін айтпайды.

Бала өскен сайын беймаза сигналдар анығырақ көрінеді. Балада белгілі бір әлеуметтік машықтар жоқ, ол тілдік және бейсезімдік қиындықтарды сезеді, оның мінез – құлқын икемді деп айту өте қиын. –  Аутист балалардың айналасында болып жатқандарға қызығушылығы жоқ;

дос тауып, адамдармен араласуға ниет білдірмейді;

өздерін құшақтағанды, сипағанды немесе сүйгенді ұнатпайды:

олардың атын айтып, сөйлегенде тыңдамайды.

Егер сіз осы белгілердің біреуін де байқасаңыз, сақтаныңыз және педиатрға барыңыз. Бұл мәселені ерте мерзімде анықтауға және емді жылдам бастауға мүмкіндік береді.

Демеуова Гаухар Бердыхановна, Шығыс Қазақстан облыстық психиатрия диспансерінің балалар психиатр дәрігері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған