ЖИТС-пен бірге күресейік

3G-9QPCeYfAАИТВ инфекциясы – бұл адамның иммундық тапшылығы вирусымен шақырылатын ауру. Иммундық тапшылық – ағзаның әр түрлі жұқпаларға қарсы тұра алмайтын жағдайы. Қазіргі таңда қатерлі АИТВ инфекциясы кең таралуда, оның көпшілігі қорғансыз жыныстық қатынасқа түсу арқылы жұқтырылады. АИТВ-дан қорғайтын ең сенімді контрацепция түрі – мушеқап.

Мүшеқап АИТВ-дан 97%-ға қорғай алады, алайда мүшеқапты дұрыс пайдалану қажет. Жыныстық қатынасқа қатысты жиі қойылатын сұрақтардың бірі: анальді жыныстық қарым-қатынас кезінде АИТВ инфекциясын жұқтыру мүмкіншілігі. Негізінде қынаптық қатынасқа қарағанда осы анальді қатынас кезінде жұқтыру қауіпі екі есе жоғары. Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылатынын естен шығармау қажет.

3-ші қазан күні Аягөз қаласының «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы ШҚО СӨСҚО маманы Аягөз аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «ЖИТС-пен бірге күресейік» тақырыбында викторина жұмысын жүргізді.

Егер осы тақырыбқа байланысты сұрақтарыныз болып, Жастар денсаулық орталығы мамандарынан (психолог, мед сестра) ақпарат алғыныз келсе, мына мекен-жай бойынша келіңіз: Аягоз қаласы, Рахимова көшесі, №1А үй, «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы кабинеті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған