Жарақаттан сақ бол!

IMG-20191002-WA0015Бала жарақатты бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, көптеген әлем елдері үшін әлеуметтік мәселелердің бірі болып саналады, Бұған балалардың жарақаттану деңгейінің жоғарылығы дәлелі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және (ЮНИСЕФ) ұйымдарының пайымдауы бойынша балалар жарақаттарының алдын алу және бағалау туралы дүниежүзілік есебіне сәйкес, жыл сайын әлемде 830 000 бала қайтыс болады және ондаған миллион адам жарақат салдарынан мүгедек болып қалады. Шығыс Қазақстан Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары полиция инспекторы Бельгибаева А.Б ханымен бірлесе №38 мектеп-гимназиясында оқушылар арасында жол журу ережесі тақырыбында іс-шара өткізілді. №34 мектеп-лицейінде алғашқы медицинақ көмек көрсету тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараларда балаларға жол журу қозғалыс макеті, жаяу жүргіншілер өткелі үсынылды жәнеде алғашқы медициналық көмек қалай көрсету керек екенін оқушыларға таныстырылды. Шығыс Қазақстан Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары оқушыларды және ата-аналарын жол жүру ережелерін сақтап, жол үстінде мұқият болуға шақырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған