Құтырма – қауіпті ауру

1525674122_1Құтырма – өлім қаупін туғызатын вируспен шақырылатын адамдар мен жануарлардың ауруы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, жыл сайын әлемде құтырудан ондаған мың адам қайтыс болады, әрбір 10 адамның 4 – і құтырмаға күдікті иттермен тістелгендер – бұл 15 жасқа дейінгі балалар. Құтырмадан әрбір 10 минут сайын бір адам өледі. Қазақстан Республикасының көптеген аймақтарында құтырма бойынша эпизоотиялық жағдай өте күрделі – осы инфекцияның табиғи ошақтары күрт жанданды, жануарлардың әр түрлі түрлерінің арасында ауру жағдайларының саны артты, жыл сайын өліммен аяқталған адамдар ауруларының жағдайлары тіркеледі.

Қазіргі уақытта құтырма денсаулық саласында, сондай-ақ ветеринария саласында да басты мәселе болып қалуда. Оның  эпидемиологиялық маңыздылығы – өлімге әкеліп соқтыруымен, барлық жерде таралуымен, аурудың жануарлар арасындағы тікелей байланысымен, мемелекеттің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен және халық арасындағы антирабикалық көмек көрсетілуімен анықталады.

БДДҰ мәліметі бойынша жұқпалы аурулар құрылымында он адамның  біреуінің қайтыс болу себебі  және 150-ден астам елде тіркелуі   құтырықтың маңыздылығында болып табылады. Жыл сайын әлемде осы аурудан 55 мыңнан астам адам қайтыс болса, 10 миллионнан астамы арнайы антирабикалық ем қабылдайды.

2015 жылы Аягөз ауданында адамдар арасынан құтырық ауруының 1 жағдайы тіркелген. Құтырма ШҚО аумағында жыл сайын үй және жабайы жануарлар арасында тіркеледі.

Құтырма адамға үй және жабайы жануарлар, ет  қоректілермен тығыз байланыста болуы нәтижесінде слекеймен немесе тістегенде және жаралаған кезде (иттер, мысықтар, түлкілер, қасқырлар және басқалармен) жұғады.

Жануарлардың құтырмамен ауруының себептерi сан алуан, бiрақ ең бірінші назар аударатын нәрсе – жануарлардың iс-әрекеттерiнiң өзгеруi.

Иттер жеуге жарамайтын тас, ағаш, әйнек сияқты заттарды жұта бастайды.

Жануарларда жағының асты салбырайды, сiлекей бөлуiнiң көбеюi басталады және олар адамдар мен жануарларға жүгiрiп, қатты тiстелейді.

Адамдар мен жануарлардың құтырмамен ауруы 100 пайыз өлiмге әкеп соқтырады.

Құрметті тұрғындар! Иттер мен мысықтарды, құтырмаға азғантай күмәндi белгілері байқалса, ветеринарлық дәрiгерге қаратуды есте сақтау қажет.

Жануарларға иелерiнің өз бетiмен көмек көрсетулеріне жол бермеу қажет, өйткенi ол қауiптi.

Егер адамды жануарлар тiстеп алған жағдайда тез арада дәрiгерге қаралып, құтырмаға қарсы егу курсын жүргiзу мәселесiн шешу қажет.

Аурудың ұлғаюының алдын алуда тек қана құтырмаға қарсы егу көмектеседi.

Тарина Шынар Жанибековна, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін  қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті аса  қауіпті жұқпалы инфекциялар мен туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған