Рационалды тамақтанудың негіздері

IMG_01172019 жылдың 27-30 қыркүйек күндері аралығында «ШҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ММ мамандарымен А.С.Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында, ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлеріне «Денсаулыққа 10 қадам», «Рационалды тамақтанудың негіздері» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылып жүргізілді.

Іс-шаралардың басты мақсаты: халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әрбір адамның өз денсаулығы мен балалардың денсаулықтарына ортақ жауапкершілікті қалыптастыру туралы халықтың ақпарат алуын арттыру. Іс-шара барысында қызметкерлерге қандай факторлар біздің денсаулығымызға әсер етеді, адам қандай 10 қадам жасау арқылы денсаулығын сақтап және жақсарта алады, күнделікті рацион толыққанды болуы қаншалықты маңызды, скринингтік тексеруден неліктен өту деген сұрақтар қарастырылды.

Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша адам денсаулығы тәуелді:

  • 20% қоршаған орта мен экологиялық жағдай
  • 20% адамның генетикалық биологиясы
  • 10% денсаулық сақтау саласы
  • 50% күнделікті өмір салты (тамақтануы, физикалық белсенділігі, тұрмыс жағдайы т.б)

Яғни әрбір адамның денсаулығын сақтап қалуы және жақсартуы бірінші мезетте өзіне, күнделікті өмір салтына байланысты екені мәлім. Біз сіздерге салауатты өмір салтын ұстануды ұсынамыз. Деніміздің сау болуы сәнді – құрметті достар!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған