Балалар невроздарының алдын алу

nevrozyi-u-detey-1-1140x855Бүгінгі әлемде біз, әсіресе балалар сыртқы ортаның әсеріне түсеміз. Балалар психикасы осындай әсерлерге өте сезімтал және жәбірленгіш келеді, бұл жүйке жүйесіне қатты күш салып, осындай балалар неврозы деп аталатын психикалық бұзылудың пайда болуы себептеріне әкелуі мүмкін. Бұл психикалық ауру қандай болады және оның пайда болуын қалай жоюға болады?

Балалар неврозы жүйке жүйесінің жүре пайда болған функциялық бұзылуы болып табылады, бұл спецификалық клиникалық құбылыс болып көрінетін, психологиялық қорғаныс механизмдерінің жетілмеуі кезіндегі психожарақаттық әсер немесе психикалық күш түсу себептерінен пайда болады. Истерия, тұтығу, депрессия, запы қылатын жағдайдағы невроз, фобиялық невроз – бұл балалар неврозының анағұрлым кең тараған түрлері.

Әрбір бала қайғыруға ұшырайды, бірақ неліктен әркімде невроз туғызуға ол қабілетті емес? Балалар неврозының дамуына жүктіліктің әртүрлі патологиялары, босану кезіндегі жарақат, туа біткен және созылмалы аурулар әсер етуі мүмкін. Бала жасында невроздардың пайда болуының негізгі себептері психикикалық жарақат, психожарақаттық жағдай, жеке бас ерекшелігі, қорқыныш пен эмоциялық тұрақсыздыққа бейімділік, дұрыс емес тәрбие, сондай-ақ отбасылық өзара қарым-қатынас болып табылады. Кейде ата-аналар осы балалар неврозы факторларына жататындарға, мәселелер өз бетімен жазылып кетеді деп қате ойлап, оған көп көңіл бөле бермейді. Алайда, өкінішке орай, балалар неврозының пайда болуы көп күттірмей, басында мынадай симптомдармен байқалады: тырнақ пен еріндерін (бала тырнақтарын кеміріп және еріндерін тістеу) тістеу, қолдарын қатты басу, одан кейінгі салмақты себептер: жүйке тықылдары, жады, назар және сөйлеу, ұйқының бұзылуы. Бұл бұзылулар сондай-ақ әртүрлі жүйкелік реакциялар түрінде байқалады: тұрақсыз үрей, жеңілтектік, төмен жұмысқа қабілеттілік, томаға-тұйықтық, қан қысымының тербелісіне дейінгі жарыққа және қатты дыбысқа жоғары сезімталдық, бас ауруы, тәбеттің және көңіл-күйдің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, энурез және тұтықпа.

Бала жасындағы невроз жүйке-психикалық патологиялардың анағұрлым кең таралған түрі болғандықтан, осы аурудың алдын алу балалардың денсаулығын нығайту және сақтауда үлкен маңызға ие, өйткені ол ауруды ұзақ және күрделі емдеуден сақтауға мүмкіндік береді. Балалар жасында невроздың пайда болуының қалай алдын алуға болады?

Босану алдындағы дайындық

Балалар жасындағы неврозды болдырмас үшін ата-аналар бала дүниге келгенге дейін келесі шараларды жасауы тиіс: психотерапевтің кеңес беруі, болашақ ананың стресстерді болдырмауы, босану алдында дайындық оқуларынан өтуі және ең бастысы сәтті босануға өзін-өзі дайындауы.

Бала өмірінің бірінші жылы

Ата-анаға кедергі болмайтындай, сәби көптен күткен бала болуы тиіс. Жынысының қандай екеніне қарамастан, отбасына баланы қабылдау өте маңызды. Бала өмірінің бірінші жылында оны балабақшаға немесе біреудің қолына бермей, ана өзін оның күтімі мен тәрбиесіне толығымен арнауы қажет, өйткені осы кезеңде баланың эмоциясы және адамдармен байланысу қабілеттері дамиды.

Психожарақат әрекетінің алдын алу

Осы психикалық бұзылыстардың алдын алуда зиянды психикалық әрекет және псикикалық жарақаттардың алдын алу басты рөл атқарады. Бала жасындағы басты психожарақаттық әсерге қорқыныш, балабақша немесе мектептегі жанжал, отбасы ішіндегі жанжал, қандай да бір бала ісін дұрыс емес бағалау, сондықтан да ата-аналар мен педагогтардың басты міндеті – психикалық жарақат көздерін жою.

Балаларды дұрыс тәрбиелеу

Балалар невроздарының алдын алу үшін эмоциялық жайлылық жағдайында болатын, баланы дұрыс тәрбиелеу аса маңызды. Бұл үнемі қолдау, отбасына бауыр басу, қатер, ұрыс-керіс жоқ отбасындағы ата-аналармен жылы қарым-қатынаста болу, ата-аналар арасындағы қатынастар мен жанжалдарды, сондай-ақ эмоциялық бопсалауларды анықтау жағдайында мүмкін болады.

Бала болашақта өмірлік мәселелерді жеңіл еңсеруі үшін, балалық шақтан бастап онда ұстамдылықты, табандылықты, еңбексүйгіштікті, қиындықты игере білу, жоғары идеалдарға берілгендікті дамыту қажет.

Тәрбие барысында бассыздыққа жол беруге болмайды, өйткені үлкен ұстамдылық қажет болатын жағдайға шыдай алмайтын, басқалардың пікірімен санаспайтын, ерке және өзімшіл бала тәрбелеу тәуекелі болады.

Өз балаңызды мақтаңыз, бірақ басқалардан жоғары болу сезімі мен менсінбеу қасиеттерін дамытпау. Мақтап отыруға үйренген бала, сәтсіздіктердің әсерінен жүйкесі сыр беруге тез ұшырайды.

Ата-аналар баласымен жиі ойнауы, ерекше қамқорлық «жылу жағдайында тәрбиелеу» жасауға тырыспай, олардың қайғыларына жаны ашып, баланың бастамашылдығын басыңқырап, аса тыңдағыштықты талап етуі тиіс. Ата-ананың басты міндеті – балаларымен қарым-қатынаста өзінің қателіктерін сезініп, жоғары өзін-өзі бағалаумен жеке қасиетін дамытуға көмектесу.

Баланың мықты денсаулығы

Бала неврозының алдын алу баланың дұрыс өмір сүруінде болып табылады: жүйке жүйесінің қалыпты дамуы үшін тиісті барлық қоректік заттар түсуін қамтамасыз ететін, дұрыс тамақтану; дұрыс ұйықтау режимі және күні бойы физикалық және психикалық жүктемені реттеу; ми жарақаты, жіті және созылмалы ауруларды уақытында емдеу; спортпен айналысу және зиянды әдеттермен күресу.

Емделмейтін балалар неврозы адамның барлық өміріне әсер ететінін ұмытпаған жөн. Сондықтан болашақта мүшкіл салдарларды болдырмас үшін, осы аурудың алдын алуға көңіл бөлу аса маңызды. Балаларыңызды сақтаңыздар, денсаулықтарыңыз мықты болсын!

«Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК невропатолог дәрігері Акижанова Фатима Кабидулдиновна

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған