Қызылшаға қарсы қосымша екпе егу туралы не білу қажет!

bde5f4a9df1.Қызылшаға қарсы қосымша екпе егу қандай мақсатпен жүргізіледі?

Қазақстан Республикасы аумағында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың  тұрақсыз болуына байланысты алдағы уақытта аурушаңдықтың алдын-алу мақсатында «Қазақстан Республикасы аумағында 20-29 жас (қоса алғанда) аралығындағы адамдарға қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізу» туралы   Бас Мемлекеттік Санитарлық дәрігерінің  07.08.2019ж бекітілген №6 қаулысына сәйкес 2019 жылдың 16 қыркүйек айынан бастап 20-29 жас (қоса алғанда) аралығындағы адамдарға қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша екпе егу жүргізіледі. Осы 2019 жылдын басынан 38 жағдай қызылша аурушандығы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар 60% құрайды,  соның ішінде  бір жасқа дейінгі  балалар 52%  құрайды. Барлық ауырған балалар қызылшаға қарсы егілмеген, 52% балалардың жас бойынша уақыты келмеген, 22% медициналық қарсы көрсетілім бойынша егілмегендер, 26% балалардың ата-аналарының профилактикалық екпеден бас тартқандар.

2. 20-29 жас  аралығындағы адамдарды қызылшаға қарсы қосымша  екпе егу  неге таңдалды?

Қазақстан Республикасында және Өскемен қаласындат 9 айға дейінгі сәбилер арасында  және 40 жасқа дейінгі медициналық қызметкерлерге 2019 жылдың сәуір айынан бастап қосымша екпе егу басталды, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша қызылша аурушаңдығының ошақтарында  науқаспен қатынаста болған 30 жасқа дейінгі адамдар екпемен қамтылған.

Қазақстан Республикасындағы  қызылша аурушаңдығына талдау жүргізу барысында бір жасқа дейінгі балалар  және 20-30 жас аралығындағы белсенді тұрғындар арасында аурушаңдық көптеп тіркелген соң адамдардың 20-29 жас  аралығы таңдалды.

Қосымша екпе егу жүргізудің негіздемелері:

  • Иммунды емес тұрғындардың жиналып қалуы (иммундау мерзімі ара сының ұзақтығы, түрлі себептермен екпе алмағандар  ( вакцинадан бас тарту, медициналық қарсы көрсетілімдер және  т.б).
  • Қызылшаға қарсы иммундық қорғанысы жоқ аналардан туған нәрестелерде  аналарынан берілетін ауру қоздырғыштарына  қарсы қорғаныстың жоқтығы.
  • Екпе алған балаларда жұқпа жасырын, жеңіл түрде өтіп,  екпе жасына жетпеген және екпе алмаған балалардың  арасында жұқпаның тез таралуына  әсер етеді.

3. Кімдерге  қызылшаға қарсы екпе егу керек?

  •  Екпе егу статусына  қарамастан  жұмыс істейтін және жұмыс жасамайтын  тұрғындар,
  • Жоғарғы  және орта оқу орындарының  студенттері мен оқытушылары;
  • Әскери қызметкерлер, ІІБ жеке құрамы және шекарашылар;
  • Сотталғандар
  • 20-29 жас аралығындағы тұрғындар екпе алуға уақытша қарсы көрсетілімнің мерзімі аяқталғаннан кейін екпе алулары  қажет.

4. Қызылшаға қарсы  екпеге  тұрақты қарсы көрсетілімдер бар ма?

  • 1) АИТ жұқпасы бар адамдар;
  • 2) қатерлі ісіктер, оның ішінде қан қатерлі ісігі барлар;
  • 3) жүкті әйелдер.

барлық екпелерге  уақытша қарсы көрсетілімдер:

  • Орталық жүйке жүйесінің жіті аурушаңдықтары бар адамдар жазылған соң бір жылдан кейін алады;
  • жедел гломерулонефрит- жазылған сон 6 айдан кейін екпе салынады
  • жедел жұқпалы және жұқпалы емес орташа ауыртпалы аурушандылықтарда, дене қызуы болмасада, сауыққан сон екпе 2-4 апта аралығында салынады.
  • созылмалы аурушандықтың өршуі кезінде екпе салынбайды, ал созылмалы аурулардың асқынулары болган жағдайда, сауыққан сон екпе салынады.

5. Қызылшаға қарсы қандай қосымша вакцина қолданылады?

ДСҰ ұсынымдарына сәйкес қызылша және қызамыққа қарсы екі компонентті вакцина қолданылады. Ундістанда өндірілген вакцина сатып алынды.  Екпе егу тұрғылықты жерілері бойынша  тегін жасалады.

6. Кызылша дегеніміз не?

Қызылша – жіті, жұқпалы аурушаңдық. Дене қызуы 38-40 гр-қа көтеріледі. Көздің шырышты қабығы, мұрын, жоғарғы тыныс алу жолдары қабынады, денеде бөртпелер пайда болады.

Аурудың қоздырғышы сыртқы ортада төзімсіз, қышқылдың әсерінен, ультра күлгін сәуледен жойылады. Сонымен қатар, аэрозольдарда, вентеляциялық құбырларда, лифт шахталарында  вирус бірнеше сағат бойы өмір сүре алады. Әртүрлі қабаттарда тұратын балалар бір мезетте ауру мүмкін.

7. Кызылшаның қандай  белгілері болады?

Қызылшаның алғашқы белгілері: қалтырау, жөтел, мұрыннан су ағу, конъюктивит байқалады. Осындай белгілер пайда болғанда  науқастарға көп жағдайда  жіті респираторлық жұқпалардың диагнозы қойылады. Бұдан кейін науқастың маңдайында бөртпелер пайда болады. Қызылщаның ауыр жағдайдарында бөртпелер ауыз- мұрын қуысына  түседі. Бөртпелердің пайда болуы кезең- кезеңмен  жүреді. Келесі кезекте бөртпелер денеге шыға бастайды, бұдан кейін аяққа түсіп 5 күндей сақталады. Әдетте, бөртпелер пайда болғаннан кейін алғашқы екі күн науқастың жағдайы ауыр халде болады.

8. Кызылша калай жұғады?

Кызылшамен ауырған  адам жұқпа көзі болып табылады. Кызылша вирусы тек адамдарда ғана кездеседі. Вирус ауа тамшылары арқылы таралады, түшкіру, жөтелу, сөйлесу кезінде бірнеше қашықтыққа таралады.  Бөлмеде  қызылшаны жұқтырған адам болса, сол ауамен дем алған кезде вирусты жұқтырып алуға  болады. Қызылшамен ауырмаған және оған қарсы екпе алмаған адамдар кызылшаны 100 пайыз жағдайда жұқтырады. Аурудың алғашқы кезінде  аурудың  жұғу қауіпі басымырақ келеді. Денеге бөртпелер шыққан соң  48 сағаттан кейін вирустың  қоршаған ортаға  таралуы тоқтайды.

Аурудың жасырын  кезеңі 10-14 күннен 21 күнге дейін  созылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған