Зиянды әдеттер

IMG-20190906-WA0014Аягөз қаласының ШҚО СӨСҚО «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталық мамандары Аягөз қалалық политехникалық колледжінің 2 курс студенттеріне  «Зиянды әдеттер» атты тренинг өткізді.

Тренингті 1 курс студенттеріне өткізуді жөн көрді.Топта ауылды жерден келген студенттер болды. Ол балалар үшін тақсық дүние болды. Мұқияттылықпен зейін қойып тыңдады. Тренинг  басы топпен амандасып, шеңбер құрып, әр қатысушы өз есімін және болашақта кім болғысы келетінін айтып, студенттер келешекте осы колледжді тәмамдағаннан кейін жоғары білім алып, өздері қалаған маман иелері болғысы келетінен айтып өтті. Топ арасында «Нашақорлық зардаптары» атты видеоролигін көріп, талдау жасалды. «Дені сау ұрпақ» жаттығуында студенттер үш топқа бөлініп, үш тақырыпта суреттер салды. Тренинг соңында қатысушылар «Бүгін мен  …» деп басталатын аяқталмаған сөйлемді өз ойымен аяқтады. Тренинг соңында қатысушыларға ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған