Зиянды әдеттер

IMG-20190910-WA002410.09.2019 жылы Аягөз қаласының «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталық ШҚО СӨСҚО ұйымдастыруымен «С.Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің 9 класс оқушылар арасында «Зиянды әдеттер» атты тренинг өткізді.

Тренинг басы топпен амандасып, шеңбер құрып, әр қатысушы өз есімін және болашақта кім болғысы келетінін айтып келешекте осы армандарының орындалып, мақсаттарына жету үшін сабақта білікті білім алып, өздері қалаған маман иелері болғысы келетінен айтып өтті. Бұдан кейінгі қадам топқа болініп, «Нашақорлық зардаптары» атты видео ақпарат көріп, топ ішілік талдау жасадық. «Дені сау ұрпақ» жаттығуында класта білім алушылар көп болғандықтан оқушыларды үш топқа бөлініп, үш тақырыпта суреттер салды. Мысалы: 1 топ – «Темекі шегу – әлеуметтік дерт», 2 топ-«Ішімдіктің зардабы», 3 топ – «Есірткіге жол жоқ» тақырыбында сурет салып,. әр топ салған суреттері жайында әңгімелеп, қорғап шықты. Жалпы іс-шарамыз ойдағыдай өтті, балалар зейін қойып,сөз соңын тыңдай білді Ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған