Жіті коронарлық синдром

Hello_709870Жіті коронарлық синдром дегеніміз не? – Бұл әлсіздік және терлегіштік, ауаның жетіспеушілік сезімімен кеуде кеңістігінің қатты ауруымен сипатталатын, адам жағдайының аяқ астынан төмендеуі, бұл жағдай маңайындағыларды әурең-сарсаңға салып, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыруға тура келеді. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында ұялы байланыс дамыған, ал жедел жәрдем шақыру тегін (телефон 103) шақырушы мемлекеттік немесе орыс тілінде диспетчерге шақыру орнын, жынысын, жасын, тегін, атын, әкесінің атын, адамның шағымын түсіндіру керек. Мынаны есте сақтау қажет, жүрек ауырған кезде әрбір минут қымбат, яғни «алтын сағат» ережесі іске қосылады, бұл дегеніміз, бір сағаттың ішінде пациентті кардиолог дәрігер міндетті түрде қарауы тиіс. Жіті коронарлық синдром жағдайында – шұғыл көмек және уақытында ауруханаға жатқызу маңызды болып табылады, өйткені тұрақсыз стенокардия мен миокард инфаргі пациенттердің өміріне бірдей қауіпті.

Сонымен, жүрек тұсының ауруына (ол күйіп, батып, шаншып), терлегіштік, үрей сезіміне шағым болғанда, мыналарды істеу қажет:

  • Науқасты ұзынынан жатқызып, киімінің жағасын ағыту;
  • Тілдің астына нитроглицерин таблеткасын беру;
  • Бірнеше минуттан кейін екінші таблетканы беру.

Сізде ауру ұстамасын басудың бар болғаны екі әрекеті ғана бар: егер таблетка сорған соң екі-үш минут өткеннен кейін науқастың жағдайы жақсара қоймаса – тез арада жедел жәрдем бригадасын шақырыңыз.

Мұндай қиын емес үй диагностикасы қымбат уақытты сақтап, адамның жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Шақыртумен келген бригада пациентті қарап, біріншілік қарау жүргізеді, ЭКГ-ға түсіреді, тиісті медициналық көмек көрсетеді және алдын ала өте ұқыпты диагноз қоя отырып – жіті коронарлық синдром немесе қысқаша ЖКС, қорытындысымен ауруханаға жатқызуды ұсынады.

Жіті коронарлық синдромды диагностикалап, кардиолог дәрігерлер жағдайды дамытудың бір нұсқасын – тұрақсыз стенокардияға немесе миокард инфаргіне шабуылды ұсынады, өйткені олар ЖКС түсінігіне кіреді. Мынаны есте сақтаған жөн, жіті коронарлық синдром бірнеше сағат немесе минут ішінде болмай қоймайтын нәтиже – коронарлық өлім немесе ауқымды инфаркт жоғары мүмкіндікпен дами түседі.

Науқаста не болып жатқанын дәл анықтау қажет, ауруханаға жатқызуға дейінгі кезеңде анықтау мүмкін емес: екі патологияда да тек ЭКГ-ға түсуді талап етіп қоймай, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының қабылдау-диагностикалық бөлімшесінде тәулікбойы және тегін бірқатар зертханалық және аппараттық зерттеулер жүргізу керек болады. Сонымен бірге, бір атауға біріктірілген жіті миокард инфаргі де, тұрақсыз стенокардия да, мысалы, жүректің созылмалы ишемиялық ауруына қарағанда, пациенттердің өміріне аса қауіпті.

Жіті коронарлық синдромы дамуының басты бір себебі, тамырлардың бұрынғы және асқынған атеросклерозы.

Атеросклероздың күшею сатысында талшық өзінің тұрақтылығын жоғалтады, бәлкім оның жабындысының бүтіндігі де бұзылуы мүмкін. Тромба бітіскен немесе зақымданған тамыр жарығы бітелген жердегі тамырдың асқынуы байқалады. Көптеген пациенттер, әсіресе қарт адамдар ұзақ жылдар бойы жүректің ишемиялық ауруымен ауырады, алайда көбісі оның қандай ауру екенін түсіне бермейді.

Ишемия (жартылай қансыздану) миокардтың бөлігі – тұрақсыз стенокардияның белгісі, ал тіннің некрозы дегеніміз миокард инфаргінің дамуы деген сөз.

Бұл жағдайларды аурудың клиникалық көрінісінің көмегімен диагностикалап, ЭКГ және некроз маркеріне қанды биохимиялық зерттеумен айырады.

Егер диагностика мен емдеу толық және уақытында жүрсе, науқастар біртіндеп жазыла бастайды және үйден күтім алу үшін ауруханадан шығарылып, тұрғылықты жері бойынша терапевт дәрігер мен кардиолог дәрігерде амбулаториялық қадағалауда болады. Нұсқау бойынша Өскемен қаласының Оңалту орталығында оңалту емін алуы да мүмкін.

Үйдегі күтім дегеніміз, бұл тамырлардағы атеросклеротикалық процестерді баяулатуға бағытталған қатаң диета (қуырылған, майлы, тұзды, қақталған тағамдар, дәмдеуіштер),  зиянды әдеттерден (шылым шегу, алкоголь) бас тарту. Физикалық және эмоциялық жүктемелер науқастың көңіл-күйін қатаң реттеп және бақылап отыруы тиіс: асықпай жаяу жүру, баспалдақпен баяу түсіп және көтерілу, ауыр емес үй жұмысы және қолайлы психологиялық хал-ахуал жұмысқа қабілеттілік пен сергектікті сақтауға көмектеседі.

Дәрігермен тағайындалған демеу беретін мөлшерлемедегі препараттарды өз бетімен тоқтатуға болмайды: оларды өмірбойы қабылдауға қалдырып отыр. Жазылып берілген мөлшерлемелерді өз қалауы бойынша азайтпай және көбейтпей, қатаң ұстанып отыруы тиіс.

«Өскемен қаласының №1емханасы» ШЖҚ КМК дәрігері Мамбаев Эльдар Нурланович

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған