Өткір қан тамырлар синдромыныың алдын алуы

shutterstock_351866852Кейбір жүрек ауруларының ағымында өткір қантамырлар синдромымен бітуі мүмкін, мысалы тұрақсыз жүрек қыспасының ұстамасы кезінде науқас есінен таниды. Мұндай белгілер кезінде шұғыл медициналық араласуды талап етеді, себебі кез келген уақытта адам қайтыс болып кетуі мүмкін.

Өткір қан тамырлар синдромы (ӨҚТС) – клиникалық анықтамада, жүректің өткір қан тамырлар кезеңін белгілейтін ауруларда, миокрад инфарктісін сипаттайтын белгілер мен ЖИА, тұрақсыз жүрек қыспасы белгілері дамиды. Медицинаның іс-иәжірибесінде аурудың аяғына дейін анықталмай тұрса, бұл термин алдын ала диагнозды болжамдап қоюда қолданылады.

Өткір қан тамырлар синдромы тез өрбіп, сол себептен науқаста бірнеше минуттардан кейін  жүрек әрекеті тоқтап қалуы мүмкін. Бұл ауру бүкіл дүниежүзілік статистика бойынша  жан түршігерлік: жыл сайын  АҚШ елінде 1 млн. адам, Еуропада – 800 мыңнан астам аталмыш диганозбен ауруханаға жатқызылады.

Неге өткір қан тамырлар синдромы жайлы білу қажет?

  • Өткір қан тамырлар синдромының жиілігі көбейді.
  • ӨҚТС ауыратын науқастарына жаңа стратегиялық көмек көрсетуге жағдай жасау маңызды.
  • Ауру өрбу кезінде уақытылы жауап қайтару болу керек.
  • Бірінші реттік және екінші реттік алдын алу.

Аз-маз стастикалар:

Статистикалардың көрсеткіштері бойынша, қан тамырлары артериялары мен жүрек-қантамырлары жүйесінің жағдайына тура немесе жанама әсер етеді. Оларға мыналар жатады:

Қанның холестерин тепе-теңдігі «жаман» және «жақсы» бұзылуы;

  • Күретамырлардың жағдайына кері әсер ететін заттарды, темекі шегу, жиі ішімдік сусындарын қолдану;
  • Күретамырлар қысымының көтерілуі, тамырлар қысымының көтерілуі, олардың қабырғалар бұзылсы;
  • Артық салмақ, жүрекке салмақ түсіре отырып, соның салдарынан қан май тінілерінен өтетін ұсақ тамырлардың жолдарымен айдалады;
  • Төмен физикалық белсенділік, тамырларда қанның ұюына алып келеді.
  • Қант диабеті, қалқанша без қызметінің күшеюі.
  • Жиі күйзеліс;
  • Тұқым қуалаушылық факторлар.

Адам ағазсында ақуыздар тобы бар, олар май тасымалдайды. Оларға төмен тығыздықты липопротеидттер мен жоғарғы тығыздықты липопротеидттер жатады. Бірінші липопротеидттер холестеринді тасымалдайды, ал екіншісі – оны бұзады. Сол себептен ӨҚТС диагностикасы осы ақуыздардың жалпы мөлшерін анықтауды болжамдап, сонымен қатар олардың қию мөлшерін анықтау жатады.

Төмен тығыздықты липопротеидттердің қандағы мөлшері артық болса атеросклероз дамиды да, тамырлар қабырғаларының жалпылай бұзылысы ӨҚТС пайда болу қатерінің дамуына алып келеді.

Зерттеу жұмыстары темекі иісінің құрамында тамырлардың құрысуына алып келетін заттар бар, қанның тұтқырлығы артып, тромбтың түзілуіне алып келеді.  Бұдан бөлек никотин қан қысымды арттырып, қан тамырлардың қабырғаларының бұзылу қатерін туғызып,  ЖИА дамуына алып келеді. Бұл топқа қан қысымы жоғары науқастар жатады.

Ішімдікке келетін болсақ, аз мөлшерде ішімдік ішу ӨҚТС түзілуіне жол бермей, аз-маз көмегін тигізеді. Алайда күнделікті таза спиртті ішімдік тәулігіне  мөлшері 30 г. аспау қажет.

Артық салмақ өзінен-өзі атеросклероз бен жүректің ишемиялық ауруына әкеліп соқпайды. Бірақ артық салмақ жиналған адамдарда жиі холестериннің «жаман» және «жақсы» теңгерімі ауытқып тұрады. Бұл адамдарда жиі қан қысымы көтеріліп, қан диабеті өрбіп, зат алмасу үрдісі бұзылады. Сол себепті артық салмақ, қант диабеті сияқты ӨҚТС түзілу қатерін арттырады.

 

«Амбулаториялық орталық»  мекемесі Медбике: Дударева Людмила Александровна

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған