Қарбыздан улану

otravlenie-arbuzomЖаз басталғалы қауын-қарбыз жеуді жақсы көретін тұрғындар дүкен сөрелеріне түсетін жеміс, жидектерді сатып алуға асығады. Оңтүстік аймақтарда жаз айы тым ыстық болғандықтан бақша өнімдері ерте пісіп кояды. Күн жылына бастағанда дүкен сөрелерінде ең алғашқы бақша өнімдері сатылымға түседі. Алайда, көптен күткен бұл алғашқы өнімдерде өзіндік қауіптіліктері де бар және де оларды қолдану ауыр зардаптарға дейін жеткізуі мүмкін.

Уланудың бірінші тобы

– бақша өнімдерінің құрамында нитраттың мөлшері жоғары болғанына байланысты.  Бақша өнімдерін  құрамындаазоты бар тынайтқыштармен  суарылғандықтан мерзімінен бұрын піседі. Тағы бір фактор бақша өнімдерін дұрыс сақталуын қадағаламауда: қауын-қарбыздардың күн астында көп жатып қалуы, нитраты аз  болса да глюкозаға белсенді әрекеттеседі.

Уланудың екінші тобы

Сатып алушылардың өз күнәсінен болады. Қарбызды кесіп көру қағидасымен сатып алады.

Біріншіден, қарбыздар жерде өседі,  стерильді емес жағдайда тасымалданады.  Екіншіден, қарбыз жинаушылардың, жүк тасушылардың және сатушылардың қолдары, пышақтары да таза бола бермейді.

Үшіншіден, өнімдердің ашық аспан астында орналасуы, күн астында жатып қалуы.  Зақымдалған қарбыздардан аққан сусын микроағзалардың көбеюіне септігін тигізіп,  сонымен қатар жылдың жылы уакытында кесілген қарбыздың суықта сақталғаны жөн болады.

Бақша өнімдерінен уланудың белгілері тамақтан уланудың белгілеріне ұқсайды. Іштің ауырсынуы, жүректің айнуы, лоқсу, диарея, дене қызыуының көтерілуі, сонымен қатар қалтырау, буын ауыруы,аллергиялық реакция болуы мүмкін.  Дәрігер көмегіне жүгіну қажет!

Бақша өнімдерінен уланудың алдын–алу мақсатында келесі қарапайым ережелерді ұстанған жөн:

  1. қауын-қарбыздарды, белгісіз сауда орындарынан, аялдамалардан, уй ауласынан, базарға қарасты аумақтан сатып алуға болмайды. Мұндай өнімдер  қауіпсіздігін және сапасын растайтын құжатсыз сатылады.
  2. қауын-қарбыздарды кесілген түрде сатып алуға болмайды.
  3. қауын-қарбыздардыжеу алдында ағынды сумен жуу қажет.
  4. қауын-қарбыздытураған соң тоңазытқышта бір тәуліктен артық сақтауға болмайды.
  5. қауын-қарбызды өзіңіз жеп көрген соң бірнеше сағат бақылаңыз, уланудың еш бір белгісі жоқ болған жағдайда ғана балаға жеуге беруге болады.

«ҚР ДСМ ТҚҚСҚБ Департаментінің Өскемен қалалық ТҚҚСҚБ басқармасы» РММ бас маманы Дузгумбаева Құралай

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған