ЖИТС-қа жол жоқ!

IMG-20190806-WA004106.08.2019 жылы Аягөз қаласының «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталық ШҚО СӨСҚО, Аягөз аудандық орталық ауруханасында мамандарымен бірге «ЖИТС-қа жол жоқ!» атты акциясын өткізді.

Қала тұрғындары арасында 21-ғасырдың өзекті мәселелерінің бірі болған ЖИТС ғасыр дертіне айналып отыр, сол себептен де біз осы тақырыпты кең көлемде халық арасында насихаттап алдын алсақ деп отырмыз. Біздің басты мақсатымыз: жастарға АИТВ жұқпасының берілу жолдары және оның алдын алу шаралары туралы ақпарат беру,салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шарамызға әртүрлі жастағы қала тұрғындары қатысты. АИТВ-ға қарсы қан тапсырып, терапевт және жұқпалы аурулар жөніндегі маман сонымен қоса психолог мамандары Ж.Б.Ахметова, Е.Ж.Оралтаева, М.М.Бекмурзанова келушілерге кеңес берді. АИТВ/ЖИТС жайында қаншалықты мағлұмат білетіндіктерін білу үшін біз ауруханға келушілерге викториналық сұрақтар таратып, жеке пікірлерін біліп, өзіміз сұрақты толықтырып жауап қайтардық. «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы медбикесі А.Б. Ногайбаева мен Аягөз аудандық орталық ауруханасы медбикесі Қ.Т. Құсайнова бірлесуімен «қан қысымыңызды біле жүріңіз» ұранымен халық арасында артериалық қан қысымын да өлшеді. Қосымша мағлұматты оқып, танысып жүрулері үшін  ақпараттық білім беру материалдарын тараттық.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған