Денсаулық немесе зиянды әдеттер.Сен қайсысын таңдайсын?

IMG-20190730-WA000229.07.2019 жылы Аягөз қаласының «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы ШҚО СӨСҚО мамандары Аягөз қалалық мешітінің 13-16 жас аралығындағы әр мектептен келген оқушылар сонымен қатар әр қаладан келген шәкірттер де бар, атап айтар болсақ, Қарағанды, Талдықорған, ел ордамыз Нұр-Сұлтаннан да келген.

Бүгінгі іс-шара тақырыбы «Денсаулық немесе зиянды әдеттер. Сен қайсысын таңдайсын?» атты тренинг жұмысын жүргіздік. Жалпы бүгінгі іс-шарамыздың басты мақсаты: жасөспірімдердің денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болып табылады.

Тренинг барынша қызықты өту үшін,мешіт шәкірттері барын салғандарымен қоса,бір-біріне сын-сауалдарын да қойды.Іс-шара өту барысында қатысушылар көкей кесті сұрақтарын да қойып, әрине, тиісті жауаптарын да алды. Тренинг соңында тренингтан алған әсерлерін бөлісіп, бүгінгі іс-шарамызда жалпы мешіт шәкірттеріне ой салардай көптеген мағлұматтар бердік деп ойлаймыз. Шәкірттердің  ұстаздары ізгі ықылас пен, алғыстарын  білдірді. Іс-шара соңында ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған