«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

объявление на каз

 

«Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Өскемен қ., Гоголь  к., 36,  205 кабинет, тел.: 8 (7232) 52-32-33, 52-32-06, e-mail: densaulyk@akimvo.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

 

 

  1. Басқарма басшысының емдеу алдын-алу жұмысы жөніндегі орынбасары 1 бірлік, D-О-2 санаты, (№ 02-1) еңбек еткен жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы 160000 теңгеден  220682 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: көмек көрсетуді дамыту және ұйымдастыру, медициналық-санитарлық көмек көрсету, облыс тұрғындарына бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету, АМСК желісін нормативтік нормаларға жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, облыстың АМСК желісін реформалау жөніндегі жұмысқа бақылау жасау.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын  дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру. Тұрғындар денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Облыс тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетілуіне бақылау жасау. Тұрғындардың денсаулық жағдайын талдау. Облыс тұрғындарының денсаулығын сақтаудың басымдық бағыттары бойынша мақсатты кешенді бағдарламалар әзірлеу. Дәрі-дәрмектерге қажеттілікті анықтауға және оларды оңтайлы пайдалануға бақылау жасау. Облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарына ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарының медициналық қызметін лицензиялауға бақылау жасау. Бюджеттің барлық деңгейлерінде  медициналық, технологиялық жабдықтар тізбесін жасау және келісу. Жетекшілік ететін бөлімдер жұмысына бақылау жасау: медициналық қызметті ұйымдастыру, стратегиялық даму және жобалау медежменті, қоғамдық денсаулық сақтау қызметі бөлімдері. Аумақтық  денсаулық  сақтау  органдарымен  өзара әрекеттестік, емдеу мекемелерін лицензиялау, аккредиттеу мәселелері; емдеу-алдын алу мекемелерінің қызметін үйлестіру бойынша басшылық ету, дәрі-дәрмектік саясатты басқару мәселелері, медициналық статистика, шаруашылық есептегі емдеу-алдын алу ұйымдарының және жеке практикамен шұғылданатын тұлғалардың қызметіне бақылау жасау; облыстың денсаулық сақтау басқармасының алқаларын дайындау, денсаулық сақтау жүйесінің жұмылдыру дайындығы; арнайы медициналық жабдықтау базасының жұмысына, құпиялылық режіміне бақылау жасау. Алқаларға емдеу-алдын алу қызметі жөніндегі материалдарды дайындау. Емдеу-алдын алу қызметі бойынша көрсеткіштерді талдау. Дәрігерлерді және орта медициналық қызметкерлерді аттестаттау. Шағымдарды, өтініштерді талдауға, бақылау құжаттарының орындалуына бақылау жасау. Кіріс құжаттарының, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, бақылаудағы құжаттардың қаралуын ұйымдастыру және бақылау;

Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады. Төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады Гигиеналық оқытуды, саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады; Халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы хабардар етеді; Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды. Терроризм актісінің салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі шараларды іске асыруға қатысады, шұғыл медициналық көмекті, терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен адамдарды медициналық-психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастырады;

Денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;  Мемлекеттік қызметті уақтылы, сапалы көрсетуді мемлекеттік қызмет бойынша есепті ай-сайын тапсыруды ұйымдастыру, мемлекеттік қызмет бойынша мониторинг, талдау және ішкі бақылау жүргізуді ұйымдастыру. Әскери шақыру жұмысын ұйымдастыру туралы құжаттар мен ақпараттар дайындауды іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету»  (медбике ісі, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-алдын алу ісі, жалпы медицина, стоматология) салаларында жоғары білім.

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

6) ғылыми дәрежесі;

7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

 

  1. Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы, (05-1) (1-бірлік) D-О-3 санаты, еңбек еткен жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы 126356 теңгеден 170579 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыстық әкімдіктің қаулыларын, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің алқа қаулыларын, хаттарын, бұйрықтырын орындау туралы ақпаратты дайындауды жүзеге асыру және тікелей тапсыру. Бала және перзентхана қызметінің бас мамандарын ақпараттық қамтамасыз ету. Жедел, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық жинақтарды құрастыру. Бөлім құзыреттілігі шегінде азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау. Қызмет бойынша сапалық және сандық көрсеткіштерді талдау, статистикалық жинақтарды, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық жинақтарды құрастыру. Әдістемелік нұсқаулықтар жасауға қатысу, педиатриялық және акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін барлық буындарды, кезеңдерді олармен қамтамасыз ету. Әйелдер және балалар консультациясы құрамында іссапарға шығу жұмыстарына қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзіреттілігі шегінде қарастыру. Вакцинадан кейінші асқынулар мен екпелерден болатын күшті реакциялар себептерін анықтау жөніндегі  іс-шараларды толық және уақытында өткізуге бақылау жасау. Алдын – алу екпелеріне, бактериялық және медициналық иммундық-биологиялық препараттарға өтінімдерді жоспарлауға қатысу. Облыстың емдеу желісі ұйымдарының тоңазытқыштық және изотермиялық жабдықтарға қажеттіліктерін анықтайды, «таңазытқыштық тізбектің» сақталуына бақылау жасау.

Вакцинамен басқарылатын аурушаңдықтарды және өлім жағдайларын төмендетуге бағытталған іс-шаралардың толық және уақытында  өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету»  (медбике ісі, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-алдын алу ісі, жалпы медицина, стоматология) салаларында жоғары білім.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету»  (медбике ісі, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-алдын алу ісі, жалпы медицина, стоматология) салаларында жоғары білім.

D- O-3 санаты бойынша жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

  1. Медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы, (03-1) (1-бірлік) D-О-3 санаты, еңбек еткен жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы 126356 теңгеден 170579 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Облыс тұрғындарына емдеу-алдын алу көмегін көрсетуді ұйымдастыру. Облыстың денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарын тұрғындарға емдеу-алдын алу көмегін көрсету мәселелері бойынша үйлестіру; тұрғындарға емдеу-алдын алу көмегін көрсету мәселелері бойынша жұмыс кеңестерін дайындау және өткізу. Облыстың денсаулық сақтау ісінің даму келешегін жоспарлауға және бағдарламаларын әзірлеуге қатысу және оларды іске асыру. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыстық әкімдіктің қаулыларын, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарын, алқа қаулыларын, хаттарын орындау жөніндегі ақпараттарды дайындауға және уақытында тапсыруға қатысу, бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің және облыстық әкімдіктің алқаларына, кеңестеріне, отырыстарына материалдар дайындау. Емдеу-алдын алу көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпараттық хаттарды (материалдарды) әзірлеуді ұйымдастыру және қатысу. Бөлімге келіп түскен шешімдердің, өкімдердің, құжаттардың, хаттардың, өтініштердің мерзімі бойынша  уақытында орындалуына бақылау жасау. Басқа ведомстволардың сұранымдары бойынша ақпарат дайындауды және уақытында тапсыруды жүзеге асыру. Емдеу алдын алу ұйымдарына методикалық көмек көрсету, мемлекеттік қызметті көрсетуді бақылау. Басшының басқа тапсырмаларын орындау. Кіріс құжаттарының, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, бақылаудағы құжаттардың қаралуын ұйымдастыру және бақылау; Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады; Төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады Терроризм актісінің салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі шараларды іске асыруға қатысады, шұғыл медициналық көмекті, терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен адамдарды                         медициналы-психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастырады;

Мемлекеттік қызметті уақтылы, сапалы көрсетуді мемлекеттік қызмет бойынша есепті ай-сайын тапсыруды ұйымдастыру,

Мемлекеттік қызмет бойынша мониторинг, талдау және ішкі бақылау жүргізуді ұйымдастыру

Облыстың бас мамандарының жұмысын үйлестіру және бақылау. Ғылыми-практикалық конференциялар, конгрестер, облыстың бас мамандары кеңесінің жұмысын ұйымдастыруды іске асыру. Әскери шақыру жұмысын ұйымдастыру туралы құжаттар мен ақпараттар дайындауды іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету»  (медбике ісі, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-алдын алу ісі, жалпы медицина, стоматология) салаларында жоғары білім.

D- O-3 санаты бойынша жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

– өтініш;

– тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысушы және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мемлекеттік органның және уәкілетті органның Интернет-ресурсында конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін 3 жұмыс күн ішінде ШҚО, Өскемен қ., Гоголя 36, 205 кабинетке ұсынылуы қажет.

Егер конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда олар «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне  5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекен-жайға жолдауға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 4.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының негізінде өткізіледі.

Анықтама телефондары: 8(7232) 52-32-33, 52-32-06, e-mail: densaulyk@akimvo.gov.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________
 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

 

_______________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)
 
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
3. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы(болған жағдайда) Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары(болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені(болған  жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі(болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған