Акция «Біздің таңдау салауатты өмір салты»

IMG-20190822-WA006021.08.2019 жылы Аягөз қаласының «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталық ШҚО СӨСҚО, Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,дене шынықтыру жәнеде спорт бөлімі, Аягөз ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен Аягөз аудандық орталық алаңында өткен «Біздің таңдау салауатты өмір салты» атты іс шарамыз: таңертен 10:00 де бірнеше мекемелердің өз командаларын құрып, шағын футбол ойнаумен басталды.

Бұдан соң аудан әкімі Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлының сөз сөйлеуімен бастауын алып,қан қысымын өлшеп, велошерумен жалғасын тапты. Сонымен қатар іс шарамызда жасөспірімдер арасында «Зиянды заттардан аулақ бол!» атты  сурет салу сайысы болып өтті, бұл сайыста үздік салынған суреттерге 5- орын бойынша мадақтамалар мен сый сияпаттарға ие болды және қелген қала тұрғындары мен қонақтарға викториналық сұрақтартарды да жүргізілдік. Келесі кезекте іс-шарамызды концерттік бағдарламамен жалғасын «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің әншілері мен бишілерінің өнер көрсетуімен жалғастырды. Іс-шара соңында аудан әкімі қатысушыларды марапаттады, жастардың би кешімен іс-шарамыз өз мәресіне жетті. Ақпараттық білім беру материалдары таратылды. Жалпы атқарылған іс-шара жөнінде жеке пікірімізді білдірер болсақ, көңілімізден шықты. Қала тұрғындары жақсы әсер алып қайтты. Бұндай іс-шаралар болашақта өз жалғасын табатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған