Салауаттытамақтану – салауаттыболашақ!

IMG_004623 шілде 2019 жылы «ШҚОСӨСҚО» ММ маманы Зоя Космодемьянская атындағы жазғы сауықтандыру лагерінде «Салауаттытамақтану – салауаттыболашақ!» тақырыбында балалар арасында бірқатар іс-шаралар өткізді.

Іс-шара мақсаты – дұрыс тамақтануды қалыптастыру бойынша оқушылардың сауаттылығын жетілдіру, пайдалы тамақтанудың белсенді жақтастары болуға ынталандару, өз денсаулығына ден қоятын дағдыларды бойына сіңіру.

Ойын және әңгімелесу үлгісінде берілген мағлұматтар, пайдалы тамақтанудың ережелері туралы, көкөністер мен жемістердің денсаулыққа пайдасы мен қажеттілігі туралы балаларға жеткізілді. Құрамында тұзы, қанты, бояғыштары мен иістендіргіштері аса көп болатын чипсы, тәттілердің әсері қандай болатыны ойын түрінде зиянды тағамдар карточкаларын қолданып өткізілді. Маман тез дайындалатын тағамдар мен газдалған сусындардың бала организмінің дамуына қандай кері әсері болатыны туралы тыңдаушылардың естеріне салды.

Іс-шара қатысушылары маманмен бірге салауатты тамақтану пирамидасын құру барысындада өз белсенділіктерімен қызығушылықтарын білдірді.

Адам дұрыс тамақтанбаған жағдайда денсаулығы сыр бере бастайды. Компьютер, телевидение мектепте жоғары интеллектуалдық жүктеме болып, спортқа деген қызығушылық азайған кезде, әсіресе өсіп келе жатқан организм денсаулығына ешқандай пайдасы жоқ жылдам әзірленетін тағамдар көп болып тұрғанда, қоғамда артық салмағы бар, жиі сырқаттанатын, көру қабілеті төмен және тұлғалық жетілуі нашар балалар саны ұлғайып келеді.

Іс-шара барысында көптеген балалар үйден тамақтанбай шығып, мектепке бара жатқан жолда өздеріне ұнаған тағамдарды (чипсы, кептірілген нан, хот-дог) сатып алатындарын, содан кейін өздерін жайсыз сезініп, іштері ауырып, нәтижесінде дәрігерлердің көмегіне жүгінетіндерін айтты.

Іс-шара соңында балалар өз денсаулықтарының қалыпты дамуының басты шарты – салауатты тамақтану дағдыларын ұстану керек деген түйінге келді.

«ШҚОСӨСҚО»ММ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған