Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі

20190724_153114Аякөз қалалсы «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы ШҚО СӨСҚО мамандары, Аякөз аудандық орталықтандырылған кітапханасында «Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі» тақырыбында викторина мен «Дұрыс тамақтану тәртібі» атты семинар жұмысын жүргіздік.

Ол іс шараға 10-13 жас аралығындағы әр мектептен келген оқушылар қатысты.Іс шара барысында оқушылармен танысып, витаминдер жайлы,ағзамызға пайдалы және пайдасыз тағамдар жайлы ақпараттар беріп болған соң, оқушылардың қаншалықты осы тақырыпты жіті түсінгенін білу және түсінбеген жерлерін толықтыру мақсатында түрлі сұрақтар таратылды. Оқушылар білмегендерін сұрап сұрақтар қойды мысалға алатын болсақ, «Дұрыс тамақтанбау денсаулыққа қаншалықты зиян?», «Цитрусты жеміс -жидектер пайдалы ма?», «Майға піскен тағамдарды жесек зиян ба?» т.с.с көптеген сұрақтар қойылды.Соңында іс шарамызды қорытындылап ақпаратты білім беру материалдарын тараттық

Аякөз қалалсы «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған