Денсаулық немесе зиянды әдеттер.Сен қайсысын таңдайсын?

20190724_15293424.07.2019 жылы Аягөз қаласының «Нұрсалауат» Жастар денсаулық  орталығы ШҚО СӨСҚО мамандары  Аягөз аудандық орталықтандырылған кітапханасының 10-13 жас аралығындағы әр мектептен келген оқушыларға «Денсаулық немесе зиянды әдеттер.

Сен қайсысын таңдайсын?» тақырыбында тренинг жұмысын жүргіздік. Тренинг барысында оқушылар бүгінгі іс-шарада өздерін қандай есіммен  атағандарын қалайтындай жеке визит каточкаларын жасап, кеуде тұстарына жапсырып, қарым-қатынас амандасудан басталады. Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Қол бейнеленсе – қолымызды қысып амандасамыз. Күн бейнеленсе – жақсы ықыласпен сәлемдесеміз. Жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз.

Амандасып болған соң, қатысушылардың эмоционалды жағдайын анықтап алып,тренингтік ережелер қабылдадық.Осыдан соң есірткі, темекі шегу, алкоголизм және басқа да жаман әдеттер туралы, ал екінші жартысында оның салдары туралы жазып,өз ойларын білдірді. «Ойын барысында қатысушылар қандай сезімде болдыңыздар?» деп пікірлерін білдік. Тренинг өту барысында сұрақтар қойылды мысалға алатын болсақ: «Зиянды  әдеттерге клей иіскеу жатады ма?, Есірткіні бір рет қолданып көргеннен кейін  қойып кету оңай ма? ,Темекі қандай ағзаларға зиян?» осы сынды сұрақтар қойылды.Әрине, сұрақтары жауапсыз қалмады.Тренинг соңында тренингтан алған әсерлерін бөлісіп,ойларын сұрап, болашақта қандай тақырыпта тағы өткізгенімізді қалайтындарын сұрап,білдік.Бүгінгі іс-шара туралы жеке пікірімді білдірер болсам, оқушылар ат салыса қатысқанын қөкейлерінде жүрген сұрақтарды қойғанынан – ақ аңғаруға болады.

Аягөз қаласының «Нұрсалауат» Жастар денсаулық  орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған