Бронх демікпесінің алдын алу

701_profilaktika-bronkhialnoy-Бронх демікпесі тыныс алу мүшелерінің аурулары арасында жетекші орын алады. Қазіргі кезде шамамен 300-ден 500 миллионға дейін адам осы аурудан зардап шегеді және күн сайын олардың саны артып келеді.

Бронх демікпесі жұқпалы ауру болып табылмайды. Бронх демікпесі – бұл тыныс жолдарының созылмалы қабынуы, ол ентігу түрінде білінеді – жөтел соншалықты жиі және терең болғандықтан адам тұншы. Бұл біздің тыныс алу арналарымыз қандай да бір тітіркендіргіштерге тым қатты әсер еттеуінен орын алады. Тітіркеніп, олар тарылады, және сондықтан тыныс алған кезде адам тұншыға бастайды. Бронх демікпесі кез келген жастағы адамдарда пайда болады, дегенмен, ол балалық жастан жиі басталады.

Осындай күрделі сырқатта денсаулықты қатаң қадағалау қажет. Денеге түсетін ауырлықты бірқалыпты үлестіру қажет. Демікпеге шалдыққан адамдарда деген түсетін ауырлық ұстаманы тудыру мүмкін. Тыныс алу жиілейді, бұл тыныс алу жолдарының салқындауына және кебуіне апарады, осының нәтижесінде бронхтардың жиырылуы пайда болады.

Үнемі жасалатын дене шынықтыру жаттығулары тыныс алуға қатысатын бұлшық еттерді нығайтады, оттек азаюының пайда болуын төмендетеді, асқынуды неғұрлым жылдам және жеңіл төзуге мүмкіндік береді. Ағзаға өте үлкен жүктеме түсіретін спорт түрлерімен, мысалы, үлкен қашықтыққа жүгірумен, штанганы көтерумен, белтемірде, қоссырықтарда және сақиналарда жаттығумен айналысудың қажеті жоқ. Қысқы спорт түрлерімен (биатлон, шаңғы, мәнерлеп сырғанау, хоккей) айналыспаған жөн, өйткені суық ауа демікпеге шалдыққан адамдардың көбінде бронхтардың тарылуын туғызады. Тыныс алудың ұзақ кідіруін (су астында жүзу) талап ететін жаттығулар ұсынылмайды. Өз сырқаттарын жеңіп, чемпион болған адамдар да бар.

Жүйелі ұстаманы тудыратын тітіркендіргіштер ағзаға қайталап түсетін бөтен текті ақуыздар болып табылады, бір жағдайда олар бактериялық жолмен шыққан, басқаларында – тағамдық, ауадағы органикалық бөлшектердің де (киім, өсімдіктер, тері, аяқ киім және т.б. бөлшектері) маңызы бар.

Бронх демікпесі кезінде тамақ өнімдерін қабылдамау көрсетілмегенде гипоаллергенді диета деп аталатынды сақтау ұсынылады. Бұл жағдайда жоғары аллергендік өнімдер мен тән емес тітіркендіргіш қасиеттері бар өнімдер тамақтанудан шығарылады. Біріншілерге жұмыртқа, цитрустар, балық, теңіз шаяны, шаяндар, жаңдақтар жатады. Екіншілерге – бұрыш, қыша және басқа, ащы және тұзды өнімдер. Асқынған кезеңнен тыс тамақтану толыққанды болуы, бірақ артық болмауы тиіс. Майлы ет және балық сорпалары, ас тұзы, ащы және тұздалған өнімдер, татымдылар, дәмдеуіштер, қант және құрамында бар өнімдер, бал, шоколад өнімдер шектеледі. С, Р, А дәрумендерді, В тобының дәрумендерін жеткілікті мөлшерде тұтыну ұсынылады. Олар ағзаның әсерленгіштігін дұрыстайды. Тамақпен бірге кальций және фосфор тұздарын пайдалану ішек жұмысын тұрақтандырады және алмасу процестерін жасқартады.

Бронх демікпесіне шалдыққан сырқаттарды тағамдық аллергия бастапқы фактор болып табылған немесе ауыру процесінде қосылған фактор болып табылған жағдайларда тамақтану рационын әсіресе мұқият қадағалау қажет. Бидай, сүт, балық, жұмыртқа бронх демікпесін ең жиі тудыратын тағамдық заттар болып табылады. Шектейтін рациондарды құрастыру үшін қандай азық-түлік пен өнімдерге жол бергізбеу қажет екендігін анық білу қажет. Деммен бірге жұтылатын аллергендердің белгілі бір тағамдық заттармен ортақ қасиеттері бар, мысалы, дәнді шөптердің тозаңы және тағамдық дақылдар, жаңғақтар, жусан және күнбағыс тозаңы және күнбағыс тұқымы.

Бронх демікпесі бар сырқаттар бөліп тамақтануы тиіс – тәулікте 5 рет, шамалы мөлшерлемелермен, соңғы тамақ ұйқыға дейін кемінде 2 сағат бұрын қабылдануы тиіс.

Сонымен қатар ең кең таралған аллергендерге тұрмыстық шаң жатады. Сондықтан ата-аналар өз баласын бөлмедегі тазалықты сақтауға, үнемі желдетуді және жиі ылғалды тазалауды қолдануға үйретуге тиіс. Іс-шаралардың бүкіл кешені бір мақсатқа жетуге бағытталған болуы қажет – тұрын үй-жайда шаң мен ауру тудырғыш бактериялардың жиналуына жол бермеу.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай отырып, бастапқы алдын алу келесіні қамтиды деп көрсету қажет:

  • экологиялық жағдайды жақсарту (барынша мүмкін болғанша) (тұру орнын уақытша немесе тұрақты ауыстыру);
  • үй-жайларды үнемі ылғалды жинау, тұрғын үй-жайларда (әсіресе жатын бөлмелерде) кілемдер, кітаптар мен жұмсақ ойыншықтардың санын азайту;
  • жеке гигиена ережелерін сақтау;
  • мүмкіншілігіне үй жануарларын асырмау;
  • тұрмыстың гипоаллергенді заттарын пайдалану;
  • дұрыс және сіңімді тамақтану, құрамдарында тағамдық қоспалары аз мөлшерде болатын сапалы өнімдерді тұтыну;
  • әртүрлі аэроаллергендерді – дезодоранттар мен парфюмерлік өнімдерден ауа жаңартқыштарына дейін мүмкіндігінше аз пайдалану;
  • жарамсыз жұмыс жағдайларының факторларын жою. Бронх демікпесінің симптомдары ұлғая беретін болса, жұмысты мүлдем өзгерту қалаулы;
  • респираторлық жұқпаларды уақтылы емдеу.

Өздеріңіздің денсаулықтарыңызды мәпелеп күтіңіздер!

«ШҚОСӨСҚО» ММ маманы Нәзигүл Мұратқанқызы Қоңырбаева

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған