Алкоголизм белгісі және салдары

20190704_150225Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол көрсеқызар болады, инабаттылықты ұмытады, дөрекілік көрсетеді. Көрсеқызарлықтың, нәпсі құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душар болады.

Маскүнем әйелдерден туған балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады. Емшекте баласы бар әйелдердің маскүнемдігі тіпті өрескелдік. Олар арақ түгіл, сыра ішуге де болмайтынын естерінде сақтаулары керек. Ана сүтімен нәрестенің организміне енген алкоголь баланы тынышсыздандырады, ұйқысын нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне кедергі келтіреді. Сайып келгенде, ішкіліктің зияны мол екенін есте ұстаған жанұя мұны ұмытпағаны жөн. Талай адамның түбіне жеткен ішімдік кімнің жанын азапқа салмады дейсіз. Соған қарамастан арақ ішу дәстүріміз ғой деушілер де табылып қалуы мүмкін. Бұдан былай бұл зиянды «дәстүр» халық ұғымынан шығып, кейінгі ұрпақтың сөздік қорында болмауға тиіс. Салауаттылық – денсаулықты жақсартып, материалдық байлықты арттырудың, еліміздің күш-қуатын көтерудің бір көзі. Сондықтан да елімізде алкоголизмге, маскүнемдікке, есірткі ішуге қарсы саясатын қолдайды. Алкоголизм мен маскүнемдікке қарсы шараларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етеді. Адам баласының алға басу жолындағы кедергі. Арақ-шараптың болашақ ұрпаққа тигізетін қырсығын, ащы шындықты айтып халықты салауаттылыққа шақырып Аягөз аудандық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы мамандары ЖШС «Арғанат» мекемесінде бағдарламашылар білімін алушылар арасында «Есірткі және қауіптілік», «Алкоголизм белгісі және салдары» тақырыбында семинар өткізді. Тақырып бойынша дәрістер айтылып,бейнероликтер көрсетіп,ақпараттық білім беру материалдарын таратты. Тындаушылар арасында «Зиянды заттар жайында әсіресе мектеп жасындағы балаларымызға мектеп бағдарламасына жүйелі түрде енгізіліп, сабақтар күн сайын өткізіліп отырса» деп алаңдаушылық танытып, өз ойларын да білдірді.

Аягөз аудандық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған