2019 жылдың 1 – тоқсаны бойынша Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы қорытындысына талдау

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» заңымен барлық мемлекеттік органдар үшін қараудың біріңғай заңды тәртібі бекітіліп, жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен мүдделерін қорғау қамтамасыз етілген.
Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасымен 2019 жылдың 1 тоқсаны қорытындысы бойынша есеп дайындалды.
2019 жылдың 1 тоқсанында Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына жалпы – 307, заңды тұлғалардан 81 (оның 1 дубликат), жеке тұлғалардан 226 (оның 18 дубликат) өтініш келіп түсті.
Жеке тұлғалардан келіп түскен 208 өтінішінің ішінде: шағым – 62, өтініш-129, басқа арыздар – 17. 2018 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер – 17,6% (186) артты.
Заңды тұлғалардан келіп түскен 80 өтініштің ішінде, өтініш – 11, басқа арыздар- 69. 2018 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер – 9 % төмендеді.
Заңды тұлғалардан келіп түскен сұранымдар негізінен БАҚ. Бұл келіп түскен өтініштердің 66 % (53) құрайды.
Азаматтардың өтінішінің сипаты негізінен жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, мүгедектік тобын анықтау (72 %), дәрімен қамтамасыз етуге көмек көрсету (13%), кадр және әлеуметтік мәселелер туралы (3%), қаржы мәселесі бойынша (4%) және т.б. (8%) өтініштерден тұрады.
Өтініштердің пайда болуының объективті алғышарттары, олар медицина қызметкерлерімен медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңінде пайда болады.
Өтініштердің пайда болуының негізгі себептері:
– Дәрігерлік этика мен деонтологияның бұзылуы;
– Жергілікті жерлерде медициналық көмек көрсетудің жеткіліксіз ұйымдастырылуы.
Аталған кезеңде өтініштерді қарау нәтижесінде 13 қызметкеріне тәртіптік жаза қолданылды.
Өтініштерді қарау қорытындысы: жыл басында жеке тұлғалардың қаралмай қалған өтініштері – 11. 2019 жылдың 1-тоқсанында жеке тұлғалардан түскен өтініштердің жалпы саны – 208, оның 17 (2 өтініш 2018 жылдан қаралмай қалған) қанағаттандырылды, 157 (9 өтініш 2018 жылдан қаралмай қалған) түсінік берілді, құзыретіне байланысты басқа мемлекеттік органдарға жолданғаны – 19, қайта қаралды – 2, есепті кезеңнің соңында қаралмай қалған арыздар-26.

Заңды тұлғалардың жыл басында жеке тұлғалардың қаралмай қалған өтініштері – 3. 2019 жылдың 1-тоқсанында заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің жалпы саны – 80, оның 78 (оның ішінде 3 өтініш 2018 жылда қаралмай қалған) өтінішке түсінік берілді, қараусыз қалдырылды – 1, есепті кезеңнің соңында қаралмай қалған арыздар – 3.
Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасында, сондай-ақ ведомствалық бағынысты мекемелерде басшының және оның орынбасарларының азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау кестесі жасалған.
Аталған мерзімде басқарма басшысы және оның орынбасарларымен 27 тұлға қабылданды.
Сонымен қатар, келген арызданушылардың арызын қолма-қол қарастыру мақсатында, мекеме қызметкерлерінің кезекшілік ету кестесі туралы бұйрық шығарылды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасына мәлімет есеп беру айынан кейінгі айдың 1 күні жіберіледі.
Бүгінгі күні жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің жедел, тиімді және уақытында орындалуын жақсарту бойынша қажетті жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» заңының талаптарын орындау бойынша бақылау күшейтілген.
Басқарма қызметерлеріне құқықтық оқыту сабақтары жүргізіліп, заңды бұзуға жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдануда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған