Сальмонеллез

salmonelez1-bigСальмонеллез – клиникалық белгілері әртүрлі болып келетін жіті инфекциялық аурушаңдық. Сальмонеллездің белгілері білінбей басталатын және ауыр септикалық формада да өтеді. Көп жағдайда ас қорыту органдарын зақымдайды.

Өскемен қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қала бойынша 5 айдың ішінде сальмонеллез аурушандығының 14 жағдайы тіркелді, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 2 (14,3%). 2018жылдың осы кезеңімен  салыстырғанда аурушандық деңгейі бір қалыпты.

Сальмонеллез тамақ арқылы жұғады: сальмонеллезбен зақымданған мал және тауық еті, балық еті, жұмыртқа және жұмыртқа қосылып жасалған тағамдар, сүт және сүт өнімдері, көше бойында сатып тұрған апатты сауда орындарынан алынған тез бұзылатын азық-түліктер. Алайда, жұқпа көзі адам болып табылады. Аурушаңдықтың басталуына әкелетін жағдайдар: науқас адамның, апатты көше саудасындағы саудагерлердің жеке бас гигиенасын сақтамауы, үй жағдайында әзірленген азық-түліктерді дайындау кезіндегі шарттадың сақталмауы болып келеді.

Сальмонеллез асқазан-ішек жолдарына түскен кезде, әдетте науқастың іші бірден ауыра бастайды. Лоқсып құсады немесе/және іші өтеді. Үлкен дәреті сұйық болады, жасыл түстес, кей жағдайда сілемей мен қан аралас болып келеді. Жалпы уыттану дене қызуының 38-39 гр С. көтерілуімен сипатталады. Қалтырау, бас ауруы және бұлшық еттің ауырсынуы байқалады. Уыттану 2 тәулікке созылады.

Науқас адамның ағзасының сусыздануы – жаңа туған нәрестелер мен кіші жастағы балаларға аса қауіпті. Кішкентай балаларда сусыздану өте тез жүргендіктен, соңы комаға неме өлім жағдайына да апаруы мүмкін.

Аурушаңдықтың алғашқы белгілері біліне бастағанда жедел түрде дәрігерге көріну қажет. Науқас адам  өзін ғана емес, басқа адамдарды да ауруға шалдықтыратынын естен шығармау керек. Әсіресе, адам қоғамдық орындарда, азық-түлік дүкенінде жұмыс жасайтын болса жұқтыру қаупі жоғары болады.

Денсаулығыңызды сақтап қалатын қарапайым гигиена ережелерін сақтау керек:

  1. Тамақ ішерде әркез қолды жуу, сырттан үйге келгенде және дәретханадан кейін қолды мұқият жуған жөн.
  2. жас босанған аналар жаңа туған нәрестелерін учаскелік дәрігер ұсынған, баланың жас ерекшелігіне қарай тамақтандыру қажет. Шикі сүт ішуге болмайды.
  3. ауыз су ретінде қайнаған су немесе бөтелкедегі суды ішу. Жеміс-жидектерді тазалап жуу қажет.
  4. азық-түліктерді сатып аларда, оның сапасына мән беру қажет: түр-түсіне, сақталу жағдайына, бөгде иістің болмауы.
  5. жұмыртқаны қуыру кезінде 2-3 мин күту керек. Пісіп болғаннан кейін біраз күткен дұрыс. Микробтарды толығымен жою үшін жұмыртқаны екі жағынан қуыру керек.
  6. тағамдарды кесуге арналған тақтайшаны жиі тазалап жуу қажет. Ағын суда жуған кезде микробтар одан сайын көбейеді. Тақтайшаны арнайы жуғыш заттармен тазалауға болады. Сондай ақ дез.ерітіндіде 10 мин ұстаған дұрыс.

Қарапайым тазалық ережелерін сақтаған кезде, Біз өз денсаулығымызды сальмонеллезден ғана емес, басқа да көптеген аурулардан қорғай аламыз.

Тазалық – денсаулық кепілі екенін естен шығармайық!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған