Құрметті Шығыс Қазақстан облысының және Өскемен қаласының тұрғындары, қонақтары!

IMG-20190607-WA0004Биыл 14 маусымда «Барлығына қауіпсіз қан!» ұранымен бүкіл әлемде Бүкіләлемдік қан доноры күні атап өтіледі. Бұл күні біз өз еркімен ақысыз, адам өмірін құтқару үшін қажетті, қан тапсырушы барлық адамдарға алғыс білдіреміз, және тұрғындар арасында қан донорлығының тұрақты қажеттілігі туралы хабардар болушылықты арттырамыз.

Осындай айтулы күні, 2019 жылдың 14 маусымында «Шығыс Қазақстан облысының қан орталығы» ШЖҚ КМК-да  Донор күні, қайырымдылық акциясы өтеді, онда әрбір адам ақысыз қан тапсыра алады.

Акция барысында барлық ақысыз донорларды таң қалдырады:

  1. «БИПЭК АВТО Қазақстан» АҚ @practice_v_bipek Қызметкерлер Департаменті әлеуметтік даму және кәсіптік бағдар беру бөлімі қызметкерлерінің және «Amore» @amore_dance би клубының қатысуымен концерттік бағдарлама;
  2. Біздің демеушілерімізден таңдауға көптеген сыйлықтар: «Дракоша» @drakosha_igrushki ойыншық дүкені, «SPLAT» @splat_kz әлемде теңдесі жоқ ауыз қуысын күту бойынша сапалы өнімдер дүкені, «Губка Оптом» ЖШС @gubka_opt_yka сабын-жуғыш тауарлар дүкені және «ШығысМедТрейд» ЖШС;
  3. Қызыл Жарты Ай қоғамының ШҚО филиалынан мерекелік үстел.

Донорларды қабылдау сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін. Концерттік бағдарлама, басталуы сағат 10:00-де.

Біздің мекен-жайымыз: Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы, ЖМК ауданы, Көкжал Барақ көшесі 11, №43, 26, 17 автобустармен жол жүру, «Қан орталығы» аялдамасы, анықтама телефондары: 70-08-08, 70-38-38, 87051761801, 87051761799, 87055005632, 87055005819.

Жеке куәліктің түпнұсқасының болуы міндетті!!

Достар, жақын адамдарыңызды, достарыңызды, таныстарыңызды және әріптестеріңізді қан тапсыруға шақыруды ұмытпаңыздар!!

 

Мустафина М.А., специалист ВКОЦК

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған