Нашақорлық қоғам дерті

DSCN0100Нашақорлық (грек тілінде narcomania – құмарту) – есірткі заттарына паталогиялық құмарлық. Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Есірткі – бұл ең алдымен жүйке жасушаларын зақымдайтын және адам ағзасын қайтымсыз бұзатын улы заттар; қысқа мерзімді, тіпті бір рет қабылдағаннан кейін қатты физикалық және психикалық тәуелділікті тудыратын басқа заттардан ерекшеленетін улар. Осы улы заттардың кейбірінің жанама әсері – қуанышты масаюдың қысқа мерзімді жағдайы (эйфория) болып табылады, ол құлазушылық, айналасындағыларға қанағаттанбаушылық сезімімен (ішіндегі және айналасындағы мағынасыздық), депрессиямен алмасады.

Есірткінің түрі көп. Соның дені көкнәр өсімдігінен екі әдіспен жасалады. Мұның алғашқысы апиын сағызынан өндіріледі. Ал, екіншісі үшін шикізат ұрық піскен соңғы құрғақ қауашақ. бұдан опиын, морфий, кодеин, тһебиын, гидроморфиин, героин (соңғы екеуі жартылай қоспалы) секілді есірткі түрлері жасалады.

Біздің елде есірткінің бірнеше түрі бар. Апиын, гашиш, героин, кокаин, морфий т.с.с аталып кете береді. Бәрі де отбасына қасірет-қайғысын қоғамға залаларын әкелуде. Әсіресе  біздің ұлт үшін аса қауіпті індет. Оның шырмауына түсіп, шыға алмай қалған жастардың тағдыры талай адамды ойландырмай  қоймайтыны хақ.

 Есірткілерді бір-ақ рет пайдалану немен қауіпті?

  • Есірткіледің бір рет дәмін татқаннан кейін, тағы да тұтынуға құмарлық пайда болуымен
  • Психикалық тәуелділіктің даму мүмкіндігімен
  • Есірткілерді мөлшерден артық тұтынумен
  • Есірткілік заттарға аллергиялық реакциялардың дамуымен
  • Есірткіні қан тамыры арқылы тұтынғанда, ЖИТВ жұқтырудың нақты мүмкіндігімен
  • Есірткіге әуестік бүкіл өмір бойына сақталу мүмкіндігімен
  • Нашақорлықты емдеу ауру адамның және туған-туыстарының зор күш-жігерін, медицина қызметкерлерінің биік кәсіби дәрежесін, көп қаражат шығындарын қажет ететін ұзақ, күрделі, көп сатылы процесс. Бірлі-жарымды адамдар ғана есірткіге тәуелділікті жеңе алады, яғни дерттен айығады.
  • Есірткілік заттарға әуестену бір ғана тәсілмен – есірткіні ешқашан, бір ретте татпау арқылы құтылуға болатын қатерлі, қалыпқа келтірілмейтін қауіп.

Кез келген есірткілерді қолданудың белгілері:

  • терісінің ағаруы;
  • ұйқысының бұзылуы (мүлдем ұйықтамау немесе тым ұзақ ұйықтау)
  • тәбеттің бұзылуы (тәбеттің болмауы немесе үйге оралған соң, оның кенет көтерілуі, шамадан артық шөлдеу)
  • сөйлеу мәнерінің өзгеруі («шұбатылған» баяу сөз)
  • көздің қарашығы көлемінің өзгеруі (көз қарашығының кенеттен үлкеюі немесе түйреуіш басының көлеміндей тарылуы)
  • баланың терісінен және киімдерінен өзгеше иістің шығуы
  • қозғалу координациясының бұзылуы.

Аягөз аудандық «Нұрсалауат» жастар денсаулық  орталығының мамандары Халық аралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес айлығына орайластырылған іс-шаралар қатарын толықтырып «Аягөз аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектеп» КММ-нің оқушылар арасында «Нашақорлық қоғам дерті» тақырыбында семинар жүргізді.Семинарда тақырып бойынша көптеген ақпараттар беріліп,слайд пен  бейнероликте көрсетілді.

Нашақорлық – еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет, сондықтан біз осы індетпен табанды түрде Қазақстанның болашағы үшін аянбай күресуіміз керек.

Аягөз аудандық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған