Кикілжіңнің денсаулыққа әсері

20190606_133034Кикілжің – (латынша Conflicts) қақтығыс, дау – жанжал. Бұл адамдар арасындағы, таластан туындайтын келіспеушілік. Кикілжің бұл:

  1. стрессерекше жағдайлардың әсерінен адам организмінің титықтауы, дәрменсізденуі.
  2. жағымсыз эмоциялар. Олар: абыржу, ызалану, шапқыншылық, уайымға салыну, реніш, зерігу,өзіне-өзі сенімсіздік.

Кикілжіңнің 3 түрі бар. Олар: ішкі кикілжің, тұлға аралық, топтық кикілжің.

Ішкі кикілжің-адамның өзімен-өзі күресуі.Тұлға аралық кикілжің-жеке адамдар арасындағы келіспеушілік.Топтық кикілжің-екі топ арасындағы келіспеушілік.

Кикілжіңді шешу жолдары:

  1. кикілжіңнің туу себебі мен салдарын талдау
  2. достық
  3. бірігіп қызмет ету
  4. сенімнің болуы

Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты. Өзіңді сыйлағаның, денсаулығыңды сыйлағаның. Ғұмырыңды қысқартатын әсерлер – үрей, уайым, зарығу, жігерсіздік, күндеу, жек көру.

Кикілжіңнің денсаулыққа қаншалықты зиян біліп, әр жағдайда ақылмен ойлап, екінші жаққа қысым жасамауды, зорлық тудырмауды, ашу – ыза, жек көрушілікке жібермей шешуге адам баласының ақылы жетеді. Ақылымызды пайдаланып, өзіңнің де өзгенің де денсаулығын ойлап, кикілжіңнің денсаулыққа әсерін түсініп шешім қабылдаған жөн деп Аягөз аудандық «Нұрсалауат» жастар денсаулық орталығының мамандары «Аягөз қалалық политехникалық колледж» КМКК-нің студенттеріне «Кикілжіңнің денсаулыққа әсері» тақырыбында тренинг жүргізді.

Мақсаты: – студенттер арасында психологиялық ахуал орната отырып, жақсы қарым-қатынас орнату, кикілжің мәнін түсіндіру, болдырмау және оны шешуге көмектесу.

Тренинг өту барысында студенттерге «Кикілжің дегеніміз не? Кикілжіңді шешу жолдары қандай? Шығу себептері, пайда болуы» деген сұрақтармен бастап, ойларын тыңдап, келесі кезекте тренингтік жаттығулармен жалғастырдық.  Кері байланыс орнату үшін «Бүгінгі тренингтан  қандай ой түйдің? Жалпы  алған әсерің мен айтар ұсынысың?» деп тренингті аяқтадық.

Адамның бүгінгі күні, ертеңгі үлкен күнге айналмақ. Адам бүгін жасаған қателігін, ертеңгі күні жасамау керек. Ол үшін адам өз қателігін өз бойынан іздеп тауып, жою білу керек. Өткен күннің жаман қасиеттерінің құлы болмай, өмірдің жақсылығынан үйрен, шәкірті бол. Үйренем деген адамға өмірде ұстаз!

Аягөз аудандық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған