Донорлықты дамыту бойынша өскелең ұрпақпен жұмыс!

121212БезымянныйБүгінгі мақаламды қан донорлығына арнағым келеді, өйткені бұл қазір бүкіл әлем үшін өте маңызды тақырып. Өскелең ұрпақ қан компоненттерін құю талап етілетін науқастарға донорлық  туралы және донорлық қанның маңыздылығы туралы аз біледі.

Донорлық қанның маңыздылығын жеткізу үшін біз үгітші-мамандар өсіп келе жатқан ұрпақпен, бұдан әрі 18 жасқа толған соң қан доноры болуға ынталандыру үшін және олар арқылы ата-анасына, туыстарына жеткізу үшін жұмыс істеуге тиіспіз. Өйткені, ата-аналар үшін балалар арқылы берілген ақпарат әртүрлі жарнамадан гөрі әсерлі көрінеді.

Біздің елге нарықтық экономика келгенге дейін және ақшаның толық билігін орнатқанға дейін бедел, кәсіп, әлеуметтік тауаша немесе жеке мүмкіндіктер болсын үлкен рөл атқарды. Мысалы: Кеңес Одағында донорлар өте құрметті адамдар болып саналды, оларды құрметтеп, марапаттап, олар туралы баспасөзде жазды, үнемі теледидарда көрсетті. Сондықтан «Донор» деген кім? Донор – науқастарға (реципиенттерге) қайта құю үшін, сондай-ақ емдік препараттарды дайындау үшін өз қанын өз еркімен беретін адам.  Донорлық денсаулық сақтаудың маңызды бөлімі болып табылады. Донорлық қанды, оның компоненттері мен препараттарын кеңінен пайдалану халыққа жоғары тиімді медициналық көмекті одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауға, науқастарды емдеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдануға, олардың денсаулық сақтау ұйымдарында болу мерзімдерін қысқартуға ықпал етеді.

Донорлық барлық елдерде, бірінші кезекте, қоғамның жағдайын көрсететін әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Егер қарыз, бауырластық, өзара көмек сезімі дамымаса, онда бірде-бір қоғам құрылған деп саналмайды. Өз қанының сыйы -заманауи өркениеттің символы, гуманизм үлгісі, әлеуметтік ынтымақтастық феномені.

Әрбір адамда, әрине, жоғары адамгершілік әлеует бар, бірақ оны оятпай, жалпы қоғамды сауықтыру мүмкін емес. Осы адамгершілік пен әлеуметтік белсенділікті оятудың ең жарқын мысалы қан донорлығы болып табылады. «Донор» – бөтен өмірді сақтау үшін, әдетте, өзіне бейтаныс адамдарды құтқару үшін, басқалардың атына тыныш ерлік жасайтын адам. Бұл адам өмірінің құндылығын түсінетін адамдар.

Әрине, адамға донорлық мәдениетін  ерте баулыса, оның донор болуына немесе өзінің достарының, жақындарының, туған-туыстарының және әріптестерінің  арасында донорлықты насихаттауға  мүмкіндігі  көп.  Адамда  қандай да бір азаматтық ұстаным негіздерінің қалыптасуы мектеп  және мектепке дейінгі уақытта болады, донорларды біз бала кезден бастап дайындауымыз керек, балаларға өз денсаулығы мен қоршаған адамдардың денсаулығы үшін жауапкершілік сезімін сіңіруіміз керек.

Соңғы бірнеше жыл бойы «Шығыс Қазақстан облысының  қан орталығы» ШЖҚ КМК  (бұдан әрі – ШҚОҚО) тұрғындар арасында донорлықты насихаттау және ерікті өтеусіз қан донорлығы мәдениетін қайта дамытумен айналысады. 2014 жылдан бастап ШҚОҚО жанында  «Донорлық мектебі» жұмыс істейді, облыстық қан орталығының   мамандары тұрақты негізде оқу орындарында донорлық туралы таныстыру сабақтарын жүргізеді. Осындай сабақ барысында тыңдаушыларға келесі тақырыптар әңгімеленеді:

  1. Қан таптырмайтын емдеу құралы.
  2. Оны алу көзі өз еркімен өз қанын беретін тек дені сау адам– донор.
  3. Донордың қаны адамдардың өмірін сақтап қалады.

2018 – 2019 оқу жылы қан орталығы балаларды қамту мақсатында мектепке дейінгі 5 – 6 жастағы  балаларға арналған  «Жас донор мектебі» сабақтар циклін  енгізді.

«Жас донор мектебі» сабақтар циклының ұзақтығы бойынша әр кайсысы 15-20 минут болатын, үш сабақтан тұрады:

№ 1 сабақ «Аман-сау болыңыз!»;

№ 2 сабақ «Ал қан дегеніміз не?»;

№ 3 сабақ «Донорлық».

Сабақтар мектепке дейінгі мекемелердің басшылығымен келісім бойынша оқу жылы ішінде жүргізіледі.

Осы  бағдарламада сабақтарды  ұйымдастыру нысаны бес, алты жасар балаға  ойын  – жетекші қызмет түріне сәйкес келеді.  Сабақ өткізу барысында бала берілген материалды тиімді қабылдауы үшін слайдтар пайдаланылады.  Сабақтар ойын түрінде өткізіледі, балалар «Қан донорлығы» атты ғажайып еліне келіп түседі, онда балалар қан донорларымен, облыстық қан орталығымен танысады.

Алынған ақпаратты бекіту үшін қан орталығының маманы балаларға бейнеролик көрсетті, онда балалар облыстық қан орталығы мен донорлар қалай қан тапсырғанын көрді. Сондай-ақ, балаларға арналған ертеңгілікке Қан тамшысы қонаққа келіп, өзінің оқиғасы туралы және қан мен оның компоненттерін құю қажет ететін науқастардың өмірін қалай құтқаратынын айтады.

Әр сабақтың соңында балалар ақпаратты бекіту үшін донорларды қалай елестететінін, олар кімге ұқсайды, сол туралы суреттер салады. Кейбіреулері сүйікті мультфильмнің кейіпкерлерімен оларды дәріптейді.

Барлық суреттер донорларға беру ішін Қан тамшысына тапсырылды, олар балалардың суреттерін көріп, және олар балалар да донорлар туралы білетіңдерін және оларды қан тапсырып, ауру балалар мен ересек емделушілерге көмектескендері үшін өздерінің қолдауы мен құрметін білдіретінін түсінеді.

Оқушылар мен студенттер барлық алынған ақпараттарды бекітіп және қан орталығының жұмысын өз көзімен көру үшін, қан орталығында оқушылар мен студенттерге арналған тұрақты түрде экскурсиялар өткізіледі. Осындай экскурсияларда біздің Қан тамшысы ШҚ ОҚО-ның барлық қонақтарына, олар жақсы, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын жүргізіп, болашақта өздері ақысыз қан доноры болуы үшін гематоген сыйлайды.

Жыл сайын «Донорлық мектебі» ерікті ақысыз донорлық сияқты бастаманы белсенді қолдайтын оқу орындарын көптеп қамтиды. Қан донорлығы тек қан орталығының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті болып табылады.

«Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК Донорларды жинақтау бөлімінің халықты донорлыққа үгіттеу жөніндегі маманы Мира Акылбековна Мустафина

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған