БІЗ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТАҢДАЙМЫЗ!/НАШ ВЫБОР – ЗДОРОВЬЕ!/HEALTH IS OUR CHOICE!

49a97fohСіздерді ағымдағы жылдың 7 маусымында «Дос-нар» қалалық базарында өтетін «БІЗ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТАҢДАЙМЫЗ!/НАШ ВЫБОР – ЗДОРОВЬЕ!/HEALTH IS OUR CHOICE!» мәдени-сауықтыру акциясына қатысуға шақырамыз.

Сауда орталығының дәл ортасында сіздерге білікті жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевтер, педиатрлар кеңес береді. Сонымен қатар, артериалды қысымды, бойды, салмақты, қан құрамындағы қант пен холестеринді өлшеу сияқты диагностикалық процедураларды ТЕГІН өте аласыздар.  Флюорография өтемін деушілерге, жылжымалы флюромашинасы қызмет көрсетеді.

Жедел жәрдем қызметінің нұсқаушылары адам өміріне қауіпті жағдайларда алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша мастер-класс көрсетуге дайын.

Бізбен бірге Сіздердің күндеріңіз қызықты өтеді! Сіздердің назарларыңызға концерттік бағдарлама, әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбына арналған викторина, жүлделер және лотереялар ойнатылады.

Акция салауатты өмір салтын дәріптеу, азаматтарды өз денсаулығын дұрыс басқаруға дағдылау және міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпараттандыруды жоғарылату мақсатында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесе отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру коммуникациялары бойынша жобалау кеңсесімен ұйымдастырылады.

Сіздер бізді қолдауға дайынсыздар ма? Ендеше, отбасыларыңызбен, достарыңызбен келіп, «БІЗ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТАҢДАЙМЫЗ!/НАШ ВЫБОР – ЗДОРОВЬЕ!/HEALTH IS OUR CHOICE!» мәдени-сауықтыру акциямызға қатысыңыз!

Акция өтетін күні: 07.06.2019 года, сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін.

Өтетін жері: «Дос-нар» қалалық базары

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған