БІЗ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТАҢДАЙМЫЗ!

Сіздерді ағымдағы жылдың 11 маусымында «Фреш маркет» қалалық базарында өтетін «БІЗ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТАҢДАЙМЫЗ!/НАШ ВЫБОР – ЗДОРОВЬЕ!/HEALTH IS OUR CHOICE!» мәдени-сауықтыру акциясына қатысуға шақырамыз.

Сауда орталығының дәл ортасында сіздерге білікті жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевтер, педиатрлар кеңес береді. Сонымен қатар, артериалды қысымды, бойды, салмақты, қан құрамындағы қант пен холестеринді өлшеу сияқты диагностикалық процедураларды ТЕГІН өте аласыздар.  Флюорография өтемін деушілерге, жылжымалы флюромашинасы қызмет көрсетеді.

Жедел жәрдем қызметінің нұсқаушылары адам өміріне қауіпті жағдайларда алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша мастер-класс көрсетуге дайын.

Сіздердің назарларыңызға концерттік бағдарлама, салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыбына арналған викторина ойнатылады.

Акция салауатты өмір салтын дәріптеу, азаматтарды өз денсаулығын дұрыс басқаруға дағдылау және міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпараттандыруды жоғарылату мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасымен және қаламыздың медициналық мекемелерімен ұйымдастырылады.

Сіздер бізді қолдауға дайынсыздар ма? Ендеше, отбасыларыңызбен, достарыңызбен келіп, «БІЗ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТАҢДАЙМЫЗ!/НАШ ВЫБОР – ЗДОРОВЬЕ!/HEALTH IS OUR CHOICE!» мәдени-сауықтыру акциямызға қатысыңыз!

Акция өтетін күні: 11.06.2019 года, сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін.

Өтетін жері: «Фреш маркет» қалалық базары

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған