Балаңызды есірткі қабылдаудан қорғаңыз

6dc756b06Қазақстанда есірткіні қолданудың таралуы жылдам қарқынмен өсуде.

Оның әртүрлі себептері бар. Есірткіні қолданудың негізгі себептерінің бірі – жаңа және қауіпті нәрсені сезіну және достар тобына жататынын сезіну,  топпен қабылданбауы және оқшауланып  қалудан қорқу. Алғаш рет есірткіні қолдану ермек ретінде, уақыт өткізу, ересек адам көріну үшін және көбінесе жасөспірімнің күнделікті өміріне қатысты проблемалар мен теріс эмоциялардың ауыртпалығын жеңілдету үшін пайда болуы мүмкін.

Балаңызды есірткіден қорғау үшін, ен алдымен осы мәселелер туралы көбірек білуіңіз керек, екіншіден, жасөспірімге 12 жасында қажетті және дұрыс ақпарат беріңіз.

Бүгінгі таңда Қазақстанда нашақорлыққа қарсы күрес мәселесі бірінші орында. Есірткіге тәуелділіктің алдын алу зор күш пен үлкен қаржылық шығындарды қажет етеді. Қазір есірткіні тіпті мектептерде де сатып алуға болады. Есірткіні қолдану тәсілдері агрессивті болды. Бірінші доза әдетте тегін ұсынылады, содан кейін тәуелділік пайда болған кезде ақша қажет болады, көп ақша. Осылайша, есірткіге тәуелділер кез-келген тәсілмен: ұрлық, есірткі саудасы, жезөкшелікпен ақшаны табуға барады. Бүгінде нашақорлықпен күрес өте маңызды міндет. Нашақорлықпен күресудың  әртүрлі жолдары бар – әлеуметтік, медициналық ақпараттық.

Әлеуметтік-экономикалық, тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық себептерді жоюдың әдісі – әлеуметтік. Нашақорлықпен күресудің медициналық тәсілі науқасқа есірткіден  тәуелділігінен психологиялық және дәрі-дәрмекпен күресу. Емдеу тиімдірек болу үшін, ол стационарда болуы керек. Нашақорлық ұзақ уақыт емделуді талап етеді, бұл адамның тарапынан, сонымен қатар оның туыстарының зор күш-жігерін талап етеді.

Бағдарламаның негізгі мақсаттары есірткіні пайдаланудың алдын алу, есірткіге қарсы насихаттауды күшейту жүйесін дамыту болып табылады.

Балалармен, жасөспірімдермен және жастармен жұмыс істеу үлкен рөл атқарады. Ақпараттық-насихаттау жұмыстарын наркологтар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының мамандары жүргізді. Жалпы білім беретін мектептермен, арнайы орта және жоғары оқу орындарымен профилактикалық жұмыстар жасалды.

Нашақорлықтың алдын алу шарасы халықтың барлық сегменттері арасында өткізіледі. Кәмелетке толмағандарға, жастарға, тәуекелге ұшыраған адамдарға ерекше көңіл бөлінеді.

Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру барысында салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен мән беріледі.

Қазіргі таңда есірткіге тәуелділік мәселесі әлемдік қауымдастықта өзекті болып қала береді және жастардың есірткі қолдану жағдайлары барлық елдерде үлкен алаңдаушылық тудырады.

Есірткіге тәуелділіктің қауіпті құбылыс ретінде, есірткі заттарының тізімі үнемі өзгеріп отырады.

Осыған байланысты, есірткіге және нашақорлыққа қарсы күресте жаңа бағыт пайда болады, ол «синтетикалық препараттар» деп аталатын кең таралумен байланысты.

Қазақстанда есірткінің заңсыз айналымының көлемі өсіп, халықтың денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, экономикалық, саяси әлеуметтік жағдайды, мемлекет тарапынан жүргізілетін экономикалық реформалар үдерісін де тұрақсыздандыруда.

Шығыс Қазақстан облыстық наркологиялық диспансер статистикасына сәйкес, 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысында есірткі қолданатын адамдардың жалпы саны 3,446 болса, оның ішінде 2,335 адам «нашақорлық» диагнозымен тіркелсе, 1121 адам облыстың наркологтарының бақылау тізімінде.

Демек, қоғамдағы нашақорлық тақырыбы өзекті болып қала береді, үнемі көтеріліп, оны шешімі мемлекеттік деңгейде табуға тиіс.

Жоғарыда айтылғандарға қарағанда, жасөспірім ортасында және балалар арасында ерекше назар аудару қажет, өйткені осы топтарда есірткіге байланысты аурулардың өсуі байқалады.

Есірткіні тұтынудың өсуі облыстың ірі қалаларында байқалады, бұл халықтың көші-қоны және есірткі заттарының импорты болып табылады.

Нашақорлыққа қарсы күресте басты рөл ақпараттық-насихат жұмыстарына жатады, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуді, іс-әрекеттерді, дауларды, пікірталастарды және басқа интерактивті оқыту әдістерін ұйымдастырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған