1 маусым – Балаларды қорғау күніне хабарлама

20190602_0941151 маусым – Балаларды қорғау күні. Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі».

Балақайдың тағдыры оны тәрбиелейтін адамдардың қолында. Жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен барша балақайларды құттықтай отырып, «Нұрсалауат» жастар денсаулық орталық мамандары мен еріктілері

8-ден 10 жасқа дейінгі балалар арасында «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбында сурет конкурсын ұйымдастырды. Балалар конкурсқа өз ынталарымен белсене қатысып,тақырыпқа сай әдемі салынған суреттерімен өз ойларын білдірді. Сурет конкурысына қатысқан балаларға әртүрлі сыйлықтар таратылды. Сонымен қоса еріктілер ақпараттық білім беру материалдарын  таратты.

 

Аягөз аудандық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған