Түсік: бір медальдің екі жағы

72bab731Түсіктің қас дұшпандарының саны күннен күнге өсіп келе жатқаны ешкім үшін құпия емес. Онымен бірге олардың сендірерлік дәлелдері тек қана салмақты емес, сонымен қатар өте иланымды болып табылады. Бұл қаншалықты мұнда естілсе де, жүктілікті жасанды тоқтату бұрынғыдай көптеген әртүрлі мәселелерді шешудің кілті болып қала береді.

Осы мақалады біз түсіктер мәселесін қараймыз және келесі сұрақтарға жауап беруге тырысамыз: «Жүктілікті тоқтатуға қарысылық білдіретіндердің дәлелдері соншалықты сендірерлік пе?» және «Түсіктің қажеттілігін ақтай алатын себеттер бар ма?».

«Қарсылық» дәлелдері:

Ең алдымен жүктілікті жасанды тоқтату – мораль мен адамгершілікке қарсы жасалған қылмыс. Адами тіршілік иелерін өмірден айырып, біз табиғаттың барлық ойға қонымды заңдарын бұзып отырмыз.

Түсік – ол бала туу деңгейлері төмен елдер үшін нағыз демографиялық зілзала. Демографиялық күйзеліс қазіргі кезде тек қана бүкіл кеңестіктен кейінгі кеңістекте емес, сонымен қатар Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде де байқалады. Жүктілікті тоқтату – ол әйел қабылдаған шешім туралы мүлде сезіктенбейтін әке құқықтарын бұзу.

Түсік – ол отбасы институтына қауіп-қатер төндіретін және барлық мүмкін болтын отбасылық құндылықтарды белден басатын баяулатылған әрекеттегі қауіпті мина. Жүктілікті жасанды тоқтату көптеген жағдайларда әйел денсаулығына зиян келтіреді. Және де сөз тек қана ұрпақ жаңғырту қызметі туралы қозғалып тұрған емес.

Түсік гормондық бұзылулардан бастап және күрделі психикалық өзгерістерге дейінгі көптеген күрделі аурулардың себебіне айналуы мүмкін.

Түсік – бұл әлі тумаған баланы ештеңемен түсіндіруге және ақтауға болмайтын өлтіру. Көріп отырғанымыздай, түсікті медициналық тоқтатудың қарсылыстарының дәлелдері тек қана болу құқығына ие болмай, сонымен қатар сендірерліктеу де болады.

«Қостайтын» дәлелдер:

Түсікті ерте ме, кеш пе азғындау мен азушылыққа әкелетін генетикалық ақаулардың жиналуынан популяцияны қорғайтын механизммен салыстыруға болады. Егер жүктілікті тоқтату медициналық көрсеткіштермен негізделген болса (баланың туа біткен кемістіктері), онда бұл жағдайдағы түсік – игілік.

Жүктілікті тоқтату медициналық көрсеткіштер бойынша бала көтеруге және тууға мүмкіндіктері жоқ ананың өмірін құтқаруы мүмкін. Мамандырылған медициналық мекемеде жасалған түсік жүктілікті қылмысты түрде тоқтатудың баламасы болып табылады. Егер әйел жүктілікті тоқтатуды шешкен болса, онда ол, тыйымдарға қарамастан, оны жасайтын болады. Арнайы зерттеулердің деректері қылмыстық түсіктер көптеген жағдайларда бедеулікпен аяқталатыны және әйел денсаулығына түзелмейтін зиян келдіретіні туралы сенімді айтады. Заңсыз операциялар жиі өліммен де аяқталады. Бұл қаншалықты түсініксіз және сенбестік естілсе де, дегенмен бұл жағдайдағы түсік – бала тууды жоғарлату тәсілдерінің бірі. Өйткені тек қана дені сау әйел түсіктен кейін келешекте сау балаларды таба алады.

Жүктілікті тоқтату – халықтың саны тым жоғары елдер үшін (мысалы, Үндістан немесе Қытай) бала тууды бақылаудың айтарлықтай тиімді тәсілі. Түсік – отбасының әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешу тәсілі. Кеңестіктен кейіні кеңістіктің кез келген елінің орташа статистикалық азаматы үшін 3-ші немесе 4-ші баланың тууы – отбасылық бюджет үшін шамалдан тыс жүктеме. Қалаусыз жүктілікті тоқтату – мемлекеттің әлеуметтік жәрдемақылар мен балалар үйлерін ұстауға қосымша шығындарын қысқартудың бір тәсілі. Медициналық статистика деректеріне сәйкес, Ресейде жыл сайын 1.5 миллионнан астам жүктіліктер тоқтатылады, және де бұл тек қана ресми деректер. Өздерінің ата-аналарына қажетсіз балалардың осындай саны – мемлекет экономикасы үшін шамадан тыс ауыртпалық. Және де бұл, мемлекеттік қайраткерлер мен марқасқа құқық қорғаушылар түсікке тыйым салу туралы заңды негіздеуге тырысқан болса да, даусыз факт. Түсік – мемлекет қамқорлығында қалдырылған балалардың санын азайту тәсілдерінің бірі. Түсіктерге тыйым салу балалар үйлер тәрбиеленушілері санының жоғарлауына ғана апарып қоймайды. Егер шенеуніктер жүктілікті тоқтатуға заң негізінде тыйым салатын болса, онда қылмысты түсіктердің саны сөзсіз жоғарлайды. Дегенмен, бұл ең үрейлісі емес. Қалаусыз балалардан басқа жолдармен құтылмайтындарына кім кепілдік бере алады? Сол «Жаңалықтардың» өзінде жаңа туған балаларды қоқыс құбырларына тастап кеткен немесе көшеде үсіп қалуға қалдырып кетен туралы сюжеттерді кездестіруге болады. Осындай жағдаяттар заңдылық дәрежесіне көшіп кетпеуіне ешкім кепілдік бере алмайды. Жүктілікті тоқтатуға құқық – ол әйелдің өзінің өміріне иелік ету құқығы, шығармашылық немесе мансаптық тұрғыдан өзін-өзі танытуға оның құқығы. Байқап тұрғанымыздай, «қарсы» санатының барлық дәлелдер моральдық тазалықмен ерекшеленеді, алайда онымен бірге «қолдаймын» деген дәлелдер негізделген және мазмұнды болып көрінеді.

А. Ж. Садуақасова, қалалық «Өскемен қ. №2 г. емханасының» гинеколог дәрігері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған