ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ КӨЛЕМІН ОРНАЛАСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ (ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ 2019 ЖЫЛДЫҢ 22 – 23 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА)

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Қазақстан  көшесі 64/1- үйде  орналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2019 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде*:

медициналық көмектің мынадай нысандары бойынша:

1) стационарлық көмек, ауылдық субъектілерімен көрсетілетін стационарлық көмекті қоспағанда, оның ішінде:

  • алкоголизм, нашақорлық және уытқұмарлықтан зардап шегетін науқастарға;
  • онкологиялық науқастарға (сәулелі терапия).

2) жедел медициналық көмек.

медициналық көмектің түрлері бойынша:

  • білікті медициналық көмек;
  • мамандандырылған медициналық көмек;
  • медициналық-әлеуметтік көмек, оның ішінде:
  1. онкологиялық науқастарға (сәулелі терапия);
  2. алкоголизм, нашақорлық және уытқұмарлықтан зардап шегетін науқастарға көрсетілетін қызметтер көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарлайды.

Көрсетілген медициналық қызметтер Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысының аумағында көрсетіледі.

Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалына Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Қазақстан көшесі 64/1-үйде, 3 – қабат, № 5-кабинетіне ұсынады.

Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2019 жылғы
«22» мамыр 09 сағат 00 минут.

Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2019 жылғы «23» мамыр 18 сағат 30 минутқа дейін.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: +7 (7232) 500-961, +7 777 9846 777.

Ескертпе:

*  Өтінімдерді және оған қосымша мәліметтерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының (www.densaulyk.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес нысан бойынша ұсынады.

 

Филиал  Директоры                                                                            Алиев Б.Х.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған