Ерлер неге скринингтен өтуі қажет. Жоғары артериялық қысым

2_davlenieСкрининг-тестілер жаспен және тәуекел факторларымен анықталады

Қажетті уақытта қажетті медициналық скрининг-тестіден өту адам өзінің денсаулығы үшін жасай алатын маңызды істердің бірі болып табылады. Тестілеу ауруларды өте ерте, тіпті ерекше симптомдар пайда болғанша, оларды, асқынған жағдайлармен салыстырғанда, емдеу жеңілірек болғанда, анықтауға мүмкіндік береді. Тоқ ішектің ерте обырын ұрығында жоюға болады. Диабетті ерте табу көптеген асқынуларды, мысалы, көру қабілетінен айырылу немесе белсіздікті, болдырмауға көмектесуі мүмкін.

Сіз үшін қажетті скрининг-тестілер сіздің жасыңыз бен өзіңізде бар тәуекел факторларымен анықталады.

Жоғары артериялық қысым

Жоғары артериялық қысымның пайда болу қатері жас ұлғаюына, сонымен қатар адамның салмағы мен өмір салтына байланысты болады. Жоғары артериялық қысым ешқандай анық алдын ала симптомдарсыз күрделі асқынуларға апаруы мүмкін. Атап айтқанда, жоғары артериялық қысымда аневризма деп аталатын артерияның бір жерде қабаруы үлкен қауіп төндіреді. Егер оны уақтылы емдесе, жүрек ауруларының, инсульт пен бүйрек жеткіліксіздігінің дамуының қатерін айтарлықтай төмендетуге болады. Осылайша, өзіңіздің қысымыңызды үнемі өлшеу және өзіңізге немесе дәрігердің көмегімен оны басқару қажет.

Артериялық қысымның мәні екі саннан тұрады. Бірінші сан – жүрек соққан сәтте (қанды артерияларға айдағанда) артериялардағы систолалық (жоғарғы) қысым. Екінші саны – жүрек соғу арасында артериялардағы диастолалық (төменгі) қысым. Қалыпты артериялық қысым – 120/80. Жоғары артериялық қысым – 140/90, ал аралық мәндер прегипертонияны – жоғары артериялық қысымға жолдағы маңызды кезеңді сипаттайды.

Артериялық қысымды қаншалықты жиі өлшеу қажет? Бұл қысым шамасына, сонымен қатар адамда тәуекелдің басқа факторларының бар болуына байланысты.

Қылышқан Жаннұр Ақылжанқызы, «Өскемен қ. №2 Емханасы» ЖШҚ КМК дәрігері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған