Ерлер неге скринингтен өтуі қажет. Тоқ ішектің обыры

51478_41Скрининг-тестілер жаспен және тәуекел факторларымен анықталады

Қажетті уақытта қажетті медициналық скрининг-тестіден өту адам өзінің денсаулығы үшін жасай алатын маңызды істердің бірі болып табылады. Тестілеу ауруларды өте ерте, тіпті ерекше симптомдар пайда болғанша, оларды, асқынған жағдайлармен салыстырғанда, емдеу жеңілірек болғанда, анықтауға мүмкіндік береді. Тоқ ішектің ерте обырын ұрығында жоюға болады. Диабетті ерте табу көптеген асқынуларды, мысалы, көру қабілетінен айырылу немесе белсіздікті, болдырмауға көмектесуі мүмкін.

Сіз үшін қажетті скрининг-тестілер сіздің жасыңыз бен өзіңізде бар тәуекел факторларымен анықталады.

Тоқ ішектің обыры

Тоқ (жиек және тік) ішектің обыры (тоқ және тік ішек обыры) обырдан қайтыс болудың ең кең таралған себептерінің екіншісі болып табылады. Ер адамдарда, әйелдермен салыстырғанда, тоқ ішек обырының даму қауіпі біршама жоғары болады. Көптеген жағдайларда тоқ және тік ішек обыры ішектің ішкі беттерінде өсетін тоқ ішектің түймешектерінен баяу дамиды. Обыр белгілі бір мөлшерге жеткенде, ол, жеке мүшелерге еніп, бүкіл денеге тарап кетуі мүмкін.

Тоқ ішектің обырына жол бермеудің тәсілі – ондағы түймешелерді тауып және, олар қатерлі ісіктерге айналмағанша, алып тастау.

Тоқ ішек обырына тестілер

Қауіптің орташа деңгейі бар ересек адамдарда түймешектерді мен тоқ және тік ішек обырын анықтау мақсатында тоқ ішекті зерттеу 50 жастан басталады. Өскіндерді анықтаудың негізгі әдісі болып

колоноскопия табылады. Дәрігер иілгіш түтікше мен фотокамераның көмегімен бүкіл тоқ ішекті қарап тексеріп шығады. Түймешектер тестіні жүргізген кезде алынып тасталуы мүмкін. Осы әдіске балама – тоқ ішектің тек қана төменгі бөлігін қарап шығатын ішектің ректороманоскопиясы.

Кейбір пациенттер виртуалды колоноскопияны – компьютерлік томографты, немесе арнайы рентген сәулелерін пайдаланумен қос контрастылуы бар ирригоскопияны таңдайды. Алайда, түймешектер анықталған жағдайлардың өзінде оларды қалыпты колоноскопия көмегімен алып тастайды.

Қылышқан Жаннұр Ақылжанқызы, «Өскемен қ. №2 Емханасы» ЖШҚ КМК дәрігері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған