Ерлер неге скринингтен өтуі қажет. Тері обыры

Скрининг-тестілер жаспен және тәуекел факторларымен анықталады

Қажетті уақытта қажетті медициналық скрининг-тестіден өту адам өзінің денсаулығы үшін жасай алатын маңызды істердің бірі болып табылады. Тестілеу ауруларды өте ерте, тіпті ерекше симптомдар пайда болғанша, оларды, асқынған жағдайлармен салыстырғанда, емдеу жеңілірек болғанда, анықтауға мүмкіндік береді. Тоқ ішектің ерте обырын ұрығында жоюға болады. Диабетті ерте табу көптеген асқынуларды, мысалы, көру қабілетінен айырылу немесе белсіздікті, болдырмауға көмектесуі мүмкін.

Сіз үшін қажетті скрининг-тестілер сіздің жасыңыз бен өзіңізде бар тәуекел факторларымен анықталады.

Тері обыры

Тері обырының ең қауіпті түрі болып меланома табылады. Ол терінің түсі үшін жауапты болатын меланоциттер деп аталатын белгілі бір жасушаларда басталады. Егде ер адамдарда меланома, сол жастағы әйелдермен салыстырғанда, шамасымен екі есе жиі пайда болады.

Сонымен қатар ер адамдарда меланомалы емес базалды-жасушалы және жалпақ жасушалы тері обырын алу мүмкіндігі, әйелдермен салыстырғанда, 2-3 есе жоғары болады. Осы аурудың пайда болу қатері күн сәулелерінің әсер етуінің және /немесе өсуімен зиянды әсердің жиналуымен солярийда сәулеленудің ұзақтығының (өмір бойы) өсуімен жоғарлайды. Онымен бірге адам денесі алған күнге күюлер аурудың қатерін жоғарлатады.

Тері обырына тестілеу

Американдық онкологиялық қоғам және Американдық дерматология академиясы халыққа тері обырына бастапқы диагностикалауды дене терісінде бар кез келген көзге көрінетін объектілерді, объектілердің пішімі, түсі мен өлшеміне назар аударып, анықтау мақсатында дене терісіне өздігінен қарап тексерулер жолымен жүргізуді ұсынады. Оған қоса, пациенттің терісін дерматолог немесе басқа дәрігердің қарап тексеруі халықты онкологиялық ауруларды анықтауда қалыпты қарап тексерудің міндетті бөлігі болып табылады. Терінің онкологиялық ауруы қаншалықты ерте анықталған болса, емдеу соншалықты тиімді болады, ал отадан кейінгі тыртықтардың сиықсыздығы төмендеу болады.

Қылышқан Жаннұр Ақылжанқызы, «Өскемен қ. №2 Емханасы» ЖШҚ КМК дәрігері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған