Ерлер неге скринингтен өтуі қажет. Простата обыры

45487prostatitСкрининг-тестілер жаспен және тәуекел факторларымен анықталады

Қажетті уақытта қажетті медициналық скрининг-тестіден өту адам өзінің денсаулығы үшін жасай алатын маңызды істердің бірі болып табылады. Тестілеу ауруларды өте ерте, тіпті ерекше симптомдар пайда болғанша, оларды, асқынған жағдайлармен салыстырғанда, емдеу жеңілірек болғанда, анықтауға мүмкіндік береді. Тоқ ішектің ерте обырын ұрығында жоюға болады. Диабетті ерте табу көптеген асқынуларды, мысалы, көру қабілетінен айырылу немесе белсіздікті, болдырмауға көмектесуі мүмкін.

Сіз үшін қажетті скрининг-тестілер сіздің жасыңыз бен өзіңізде бар тәуекел факторларымен анықталады.

Простата обыры

Простата обыры – американдық ер адамдарда анықталатын тері обырынан кейінгі онкологиялық аурулардың ең кең таралған түрі. Бұл әдетте баяу өсетін обыр ісігі, дегенмен қуық асты безінің басқыншыл, жылдам өсетін түрлері де кездесіп тұрады. Скринингтік тестілер ауруды оның дамуының ерте кезеңдерінде, кейбір кездерде симптомдар дамығанша, емдеу әсіресе тиімді болғанда анықтауға мүмкіндік береді.

Простата обырына тестілер

Дені сау ер адамды тексеру тікішектік саусақтық зерттеуді (ТСЗ), сонымен қатар қанға оның құрамында простаталық айрықша антидененің (ПАА) бар болуына талдауды жүргізуді қамтуы мүмкін. Американдық обыр қоғамы сонымен қатар ер адамдарға қандай жағдайларда ПАА-ға қан талдауымен шектелуге болатыны, ал қандай жағдайларда ағзаға тереңірек зерттеу жүргізу қажет екендігі туралы дәрігермен сөйлесуді ұсынады. Бұл жайында дәрігермен кеңесуді келесі жасқа келген ер адамдарға бастау қажет:

  • 50 жас – простата обыры пайда болу қатерінің орташа деңгейі бар ер адамдар үшін.
  • 45 жас – қатердің жоғарғы деңгейі бар ер адамдар үшін. Мұнда афроамерикандықтар кіреді.
  • 40 жас – жақын туыстары простата обырымен ауырған ер адамдар үшін.

Американдық Урологиялық Қауымдастық ПАА-ға бірінші тестіні 40 жаста кейінгіде урологтың қабылдауына барумен өтуді ұсынады.

Қылышқан Жаннұр Ақылжанқызы, «Өскемен қ. №2 Емханасы» ЖШҚ КМК дәрігері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған