Ерлер неге скринингтен өтуі қажет. Екінші түрдегі қант диабеті

6saharniy-diabet-2-tipaСкрининг-тестілер жаспен және тәуекел факторларымен анықталады

Қажетті уақытта қажетті медициналық скрининг-тестіден өту адам өзінің денсаулығы үшін жасай алатын маңызды істердің бірі болып табылады. Тестілеу ауруларды өте ерте, тіпті ерекше симптомдар пайда болғанша, оларды, асқынған жағдайлармен салыстырғанда, емдеу жеңілірек болғанда, анықтауға мүмкіндік береді. Тоқ ішектің ерте обырын ұрығында жоюға болады. Диабетті ерте табу көптеген асқынуларды, мысалы, көру қабілетінен айырылу немесе белсіздікті, болдырмауға көмектесуі мүмкін.

Сіз үшін қажетті скрининг-тестілер сіздің жасыңыз бен өзіңізде бар тәуекел факторларымен анықталады.

Екінші түрдегі қант диабетіне тест

Қант диабетін анықтау үшін адамдарды тестілегенде қан плазмасының құрамындағы глюкоза мөлшерін анықтау үшін талдау жиі пайдаланылады. Сонымен қатар дәрігерлердің көбі адам денесі уақыт өте қант деңгейін қаншалықты жақсы бақылайтынын көрсететін А1С тестіні (уақыт бойынша құрамдағы глюкоза мөлшерінің әрқайсысы 2-3 айдың ішіндегі жеке ағымдағы өлшеулердің негізінде есептелетін өлшемдердің  орташа мәндерінің өзгеруін береді) пайдаланады.

Дендері сау ересек адамдар 45 жастан бастап үш жылда бір рет осындай тестілеуден өтуі қажет. егер сізде қауіптің жоғары факторлары болса, оның ішінде холестерин мен артериялық қысымның жоғары деңгейлері болса, онда тестілеуді ертерек бастау және оны жиі өткізу жөн болады.

Екінші түрдегі қант диабеті

Американдықтардың үштен бір бөлігі диабетке шалдыққан және ол туралы білмейді де. Екінші түрдегі бақыланбайтын қант диабеті (инсулинге тәуелсіз) жүрек ауруларына және инсультқа, бүйрек ауруларына, көздің ішкі тор қабығының қан тамырларының бүлінуінен көру қабілеттен айырылуға, жүйкелердің бүлінуіне және белсіздікке апаруы мүмкін.

Егер қан диабеті ерте кезеңінде, ол бақыланатын кезде және асқынулардан емдәм, дене шынықтыру жаттығулардың, дене салмағын төмендету мен дәрі-дәрмек пайдалану көмегімен құтылуға болғанда анықталса, бұл орын алмайды.

Қылышқан Жаннұр Ақылжанқызы, «Өскемен қ. №2 Емханасы» ЖШҚ КМК дәрігері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған