Ерлер неге скринингтен өтуі қажет. Қан құрамындағы холестерин мөлшері

756112Скрининг-тестілер жаспен және тәуекел факторларымен анықталады

Қажетті уақытта қажетті медициналық скрининг-тестіден өту адам өзінің денсаулығы үшін жасай алатын маңызды істердің бірі болып табылады. Тестілеу ауруларды өте ерте, тіпті ерекше симптомдар пайда болғанша, оларды, асқынған жағдайлармен салыстырғанда, емдеу жеңілірек болғанда, анықтауға мүмкіндік береді. Тоқ ішектің ерте обырын ұрығында жоюға болады. Диабетті ерте табу көптеген асқынуларды, мысалы, көру қабілетінен айырылу немесе белсіздікті, болдырмауға көмектесуі мүмкін.

Сіз үшін қажетті скрининг-тестілер сіздің жасыңыз бен өзіңізде бар тәуекел факторларымен анықталады.

Қан құрамындағы холестерин мөлшері

“Жаман холестериннің” – қандағы төмен тығыздықты липопротеиндердің жоғары деңгейі артериялар қабырғаларында жиналатын (фотографияда – сары түсті өскіндер) және жүрек ауруларының қауіпін жоғарлататын жабысқақ атеросклероздық түйіншектердің пайда болуына апарады. Осының нәтижесінде көптеген жылдар бойы мүлде симптомсыз дамитын және ақыр аяғында инфаркт пен инсультқа апаратын атеросклероз (артериялардың тарылуы және қаттылығының жоғарлауы) пайда болады.

Өмір салтын өзгерту және дәрілерді пайдалану төмен тығыздықты «жаман» холестериннің мөлшерін азайтуы және жүрек-қан тамырлар ауруларының қауіпін төмендетуі мүмкін.

Холестерин деңгейін анықтау

Пациентте аш қарынға алынған қандағы холестерин деңгейінің толық талдауы қан құрамындағы жалпы холестериннің, «жаман» холестериннің (төмен тығыздықты липопротеиндердің), “жақсы” холестериннің және триглицер мөлшерін қамтиды.

Осы нәтижелердің негізінде дәрігер жүрек ауруларының, инсульт пен диабеттің қауіпін төмендету үшін не істеу қажет екендігі туралы айтуы мүмкін. 20 жастан ересек ер адамдар бес жылда бір реттен кем емес осындай талдаудан өтуі қажет. 35 жастан бастап ер адамдар жылына бір реттен кем емес холестеринге толық талдаудан өтуі қажет.

Қылышқан Жаннұр Ақылжанқызы, «Өскемен қ. №2 Емханасы» ЖШҚ КМК дәрігері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған