Ерлер неге скринингтен өтуі қажет. Адамның иммун тапшылық вирусы

1spxsdadaСкрининг-тестілер жаспен және тәуекел факторларымен анықталады

Қажетті уақытта қажетті медициналық скрининг-тестіден өту адам өзінің денсаулығы үшін жасай алатын маңызды істердің бірі болып табылады. Тестілеу ауруларды өте ерте, тіпті ерекше симптомдар пайда болғанша, оларды, асқынған жағдайлармен салыстырғанда, емдеу жеңілірек болғанда, анықтауға мүмкіндік береді. Тоқ ішектің ерте обырын ұрығында жоюға болады. Диабетті ерте табу көптеген асқынуларды, мысалы, көру қабілетінен айырылу немесе белсіздікті, болдырмауға көмектесуі мүмкін.

Сіз үшін қажетті скрининг-тестілер сіздің жасыңыз бен өзіңізде бар тәуекел факторларымен анықталады.

Адамның иммун тапшылық вирусы

Адамның иммун тапшылық вирусы (АИТВ) – ол жұқтырылған иммун тапшылығының синдромын (ЖИТС) туғызатын вирус. Бұл вирус жұқтырған адамның қаны мен ағзасының басқа секрецияларында аурудың ешқандай симптомдары тіпті болмағанда және жұқтырғанын адам ол жұқтырғанын білмегенде бар болады. АИТВ бір адамнан басқаға бұл секрециялар (бөлінетін заттар) қынап, анал тесігі, ауыз, көз сияқты жерлермен, сонымен қатар сызылған, жарылылған жерлер мен терідегі басқа жарашалармен байланыста болғанда тарайды.

Қазіргі кезде осы вирусты өлтіре алатын не дәрілер, не вакциналар жоқ. Емдеудің заманауи әдістерінің шамасы келетіні ол ЖИТС білінуіне жол бермеу мақсатында АИТВ вирусының белсенділігін бұғаттау, алайда бұл дәрілердің күрделі жанама әсерлері болуы мүмкін.

АИТВ инфекциясына тестілер

АИТВ-жұқтырған адамдар көптеген жылдар бойы ЖИТВ ауруының ешқандай симптомдарынсыз өмір сүруі мүмкін. Олар жұқтырып алғанын білудің бір тәсілі – қанды АИТВ-инфекциясына талдау сериясын жүргізу.

Бірінші тест ELISA (иммун ферментті қатты фазалы талдау) немесе EIA (ферментативтік иммундық талдау) деп аталады. Бұл тест қанда адамның иммун тапшылық вирусына антиденелердің бар болуына тексереді. Сонымен қатар жұқтырмаған адамда тестке оң реакциясының болу мүмкіндігі бар, онымен қатар бірінші тестінің нәтижелерін растау үшін жасалатын Вестерн-блоттинг талдау деп аталатын екінші тестіні қолданады.

Егер сіз жақында АИТВ жұқтырған адаммен байланыста болсаңыз және АИТВ инфекциясына тестілегенде кері нәтиже алған болсаңыз, тестілеуді қайталау ұсынылады. Өзіңіздің дәрігеріңізден АИТВ инфекциясына тестілер туралы толығырақ сұрап алыңыз.

АИТВ инфекциясының тарауына жол бермеу

Жаңадан жұқтырған адамдарда қан талдауымен анықталатын адамның иммун тапшылығының вирусын (АИТВ) жұқтыру әртүрлі уақыттан кейін білінеді, көбінде – екі айдан астам емес уақыт ішінде. Дегенмен жұқтырғандардың 5%-да осы жасырын кезең алты айға дейін созылады.

АИТВ инфекциясының алдын алу – ол ең алдымен қауіпсіз жыныстық қатынас, яғни, тартыну немесе АИТВ вирусын және жыныстық жолдармен берілетін басқа инфекцияларды жұқтыруға жол бермейтін латексті кедергіні (мүшеқапты) үнемі пайдалану. Егер сізде АИТВ және жүктілегіңіз болса, сіздің болашақ балаңызда АИТВ инфекциясын жұқтыру қауіп-қатерін төмендету үшін не істеу қажет екендігі туралы дәрігеріңізбен сөйлесіңіз.

Есірткі тұтынушылар ортақ инелерді пайдаланбауы қажет.

Қылышқан Жаннұр Ақылжанқызы, «Өскемен қ. №2 Емханасы» ЖШҚ КМК дәрігері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған