«Денсаулық дұрыс тамақтану-үздік оқудың кепілі»

20190531_113509Денсаулық дегеніміз организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік. Денсаулық сақтау шаралары: қимыл белсенділігі, организмді шынықтыру, дұрыс  тамақтану, жарақаттың алдын алу, жұқпалы аурулардың алдын алу, зиянды әдеттерден аулақ болу, күйзеліс (стресс) пен кикілжің болдырмау, экологияның денсаулыққа әсері.Денсаулық – бұл әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның құнсыз күйі. Міне осы тақырыпта Аягөз аудандық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы мамандары мен еріктілері «Аягөз қалалық политехникалық колледж» КМКК студенттер арасында «Денсаулық дұрыс тамақтану-үздік оқудың кепілі» атты акция өткізді. Сонымен қатар, «Сен қалай тамақтанасың?» сауалнамасын студенттер арасында жүргізіп,парақшалар таратылды.
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі.Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді. Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Дұрыс тамақтану деңсаулықтың басты факторы. Ол адамның өмір сүруі мен жұмысыны тиімді әсер етеді. Адамның тамақтануында минералды заттар маңызды рөл атқарады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.
Қарап отырсақ, таматанудың тәуліктік мөлшерінің 70%  оқу орынында жүргенде, сабақ уақытына сәйкес келеді екен, сондықтан асханадан таматану ережелері мен гигиенасын бақылау және тексеру маңызды болып табылады.
Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спортпен шұғылдану, күйзеліспен күресе білу, зиянды заттардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаны жас, белсенді болып жүруіңізге болады.

Аягөз аудандық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған