«Денім сау болсын десең…» тақырыбында тренинг өтті

IMG-WA004829.04.2019 жылы Аягөз аудандық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы мамандары «С.Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» 6- сынып оқушылар арасында «Денім сау болсын десең…» атты тренинг өткізді.

Басты мақсаты: оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын дамыту, денсаулық туралы және салауатты өмір салты жайлы білімдерін қалыптастыру. Тренинг барысында оқушылар арасынан екі оқушыны топ алдына шығып, «Денеге қан жүгірту» жаттығуын би түрінде дене мүшелерін қозғалтып топ болып орындады. Сонымен қатар «Салауатты өмір салты» тақырыбында үш топқа бөлініп суреттер салды. Оқушылардың барлығы тренингқа ат салыса қатысты. Соңында парақшалар таратылды.

 

Аягөз аудандық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған