Бронх демікпесі

image_50834Бронх демікпесі – бұл бронх реактивтілігінің (аллергендер мен бейспецификалық факторларға бронхтардың қабылдағыштығы) артуымен, тыныс алу жолдарының  қайтымды бітелу (тесіктің тарылуы) симптомдарымен сипатталатын, созылмалы қабыну ауруы.

Ауру демігудің қайталаған белгісі, тыныс алудағы ысқырық, жөтел (әсіресе түнде және таң ата) және кеуденің қысылу сезімімен байқалады.

Жіктелуі:

Клиникалық жүрісі бойынша

  • Экзогендік түрі – сыртқы факторларға байланысты, яғни, тыныс алу жолдарына аллергендердің түсуі,
  • Эндогендік түрі – ішкі факторлар атап айтқанда, физикалық жүктеме және инфекциялық ауруларға байланысты стресстер,
  • Аралас түрі,
  • Бронх демікпесінің жөтелу нұсқасы,
  • Жүктеме кезіндегі бронх спазмасы,
  • Бронх демікпесіне тәуелді стероид.

Күрделілік дәрежесі бойынша:

  • жеңіл алма-кезекті түрі,
  • орташа күрделілік,
  • ауыр түрі – тыныс алудың (күндізгі және түнгі) қиындаған ұстама жиілігіне, физикалық белсенділікті шектеуден тыныс алудың қиындаған ұстама жиілігіне, сыртқы тыныс алу қызметінің көрсеткіштерінен және оларды тәулік бойы шығару, сондай-ақ жылдам әсер ететін бронхыны кеңейтетін препараттарды тұтынуына байланысты болады.

Ауруларды бақылау деңгейі бойынша (қолданылған ұстап тұратын емнің нәтижелілігі) ауруларды келесі түрлерге бөледі: бақыланатын, ішінара бақыланатын, бақыланбайтын.

Таралуы:

Әртүрлі мәліметтер бойынша бронх демікпесімен халықтың 3-тен 10%-на дейінгі– балалар және әртүрлі жыныстағы және жастағы ересектер запа шегуде. Алайда балалар арасында кең таралып отыр.

Осы аурудың тұқым қуалаушылық дерегін растайтын зерттеулер де бар.

Бронх демікпесі ауруының басым саны (80% дейін) аллергиялық реакциялармен байланысты.

Ұстамалардың туындау себептері:

Бронх демікпесі – бұл өте жекелей ауру.

Әрбір пациентте ауру барысының өзіндік себептері мен ерекшеліктері бар, дегенмен анағұрлым жиі кездесетін, факторларды бөліп қараймыз:

  • Бронхтың сілемейіне тозаңдар, тозаң кенелері және үй жануарлары, көгеру споралары және басқа аллергендерден (респираторлық аллергиялар туралы кеңірек) бөлінген бөлшектердің түсуі.
  • Қозғалтқыштардың газдарын, азот және құрамында күкірт бар кешендердің тотығымен тыныстау.
  • Темекі түтіні және оның құрамындағы улы заттар.
  • Қатты иісі бар парфюмериялық және тұрмыстық химия заттары.
  • Респираторлық вирустық және бактериялық инфекциялар.
  • Лактар, бояулар, еріткіштер және басқа да жөндеу кезінде пайдаланатын заттар.
  • Дәрілік препараттар, физикалық жүктемелер және етеккір циклы.

Симптомдары:

  • Демікпе,
  • Жөтел (басында құрғақ, кейін – қақырықпен),
  • Қатты ысқырып дем алу,
  • Тұншығу сезімі, ауаның жетіспеушілігі.

Демікпе ұстамасының алдын алу:

  1. пациентті дұрыс тыныс алу мен көңіл-күйі төмендеген кезде өзін-өзі бақылауға үйрету – бұл науқасты қараудың маңызды факторларының бірі;
  2. тәуекел факторының әсерін жою.

Диагностика:

Ауруды диагностикалау үшін бірқатар міндетті зерттеулер жүргізу қажет, ал бұл үшін аллерголог дәрігердің қабылдауына келу қажет.

Емдеу ауру жүрісінің күрделігіне, демікпеге қарсы препараттарға қолжетімділік, түнгі симптомдармен қоса, созылмалы симптомдардың аз болуына қамтамасыз ету үшін науқастың жеке өмір жағдайына қарай таңдайды.

Заманауи бронх демікпесін консервативтік емдеу өте тиімді.

Бірінші кезеңде асқынуды басатын препараттар, одан кейін – ұстап тұратын ем тағайындайды.

Демікпені емдеп, жазудың жетістігі – бұл емделушінің жауапкершілігі екенін ұмытпаған жөн. Дәрілерді жиі және ұзақ қабылдау, сондай-ақ қадағалау күнделігінде өзінің жағдайындағы өзгерістерді жазып отыруы қажет.

Жиі тағайындалатындар:

  • Қысқа әсер ететін бронх кеңейткіштері,
  • Ұзақ әсер ететін бронх кеңейткіштерімен және олардың комбинациясымен ингаляцияға арналған кортикостероидтар,
  • Жүйелі кортикостероидтар,
  • Небулайзер (асқынуларды басу) арқылы, кортикостероидтар және бронх кеңейткіштермен ингаляция жасау,
  • Аллерген-спецификалық иммундық терапия.

Болжам: Аурудың күрделі жүрісі кезінде – мүгедектік.

Профилактикасы:

Бастапқы профилактика шарасына жататындар: бронх демікпесіне тұқымқуалаушылықпен жақын адамдарды бақылауға алу, асқынулар туғызушы факторлар ретінде ЛОР-ағзаларының созылмалы инфекциясы, тыныс жолдарының инфекциясы, кейбір ас қорыту ағзалары ауруларының ошақтарына сауықтыру жүргізу. Темекі шегумен күресу, бронх демікпесі триггерлерінің әсерін азайту және дәрі-дәрмекпен емделу тұтынушылығын азайту. Қайталанатын профилактика шараларына диспансерлік қадағалау, спецификалық аллергиялық сезімталдықты азайту, қайталануға қарсы емдер, бронхолитиктерді жүйелі түрде қабылдау, санаторлық-курорттық емдеулер жатады.

«Өскемен қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК № 2 КДЕ аға мейіргері Павлова Наталья Дмитриевна

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған